АУДАНДЫҚ ЖАЙДАРМАН ЛИГАСЫНЫҢ 1/2 ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ ЖАЙДАРМАН ЛИГАСЫНЫҢ 1/2 ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

7 просмотров

АУДАНДЫҚ ЖАЙДАРМАН ЛИГАСЫНЫҢ 1/2 ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Төлеби аудандық прокуратурасының, аудан әкімдігінің және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жайдарман» КТК лигасының 1/2 финалдық сайысы өтті.

Қазылар алқасында Төлеби ауданының прокуроры Дәулет Тлемисов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Абдиев, Алатау ауылдық округінің әкімі Мақсат Жұмабаев, Түркістан облысы көпсалалы техникалық колледжінің директоры Болат Жанәбіл, Төлеби ауданы жайдарман ойынының алғашқы чемпионы Ақарыс Елтаев болды.

Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомблықтың, нашақорлықтың алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен шарада қала, ауыл округтерінен іріктелініп өткен 8 команда бақ сынасты.

Әділ-қазы алқаларының шешімімен үздік ойын көрсеткен Голивуд, Мейір-Бейс, Ақбастау Sity, Фоворит, 7-жұлдыз командалары финалдық ойынға жолдама алды. Финалдық ойын сәуір айында өтетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *