Аулалар қала тұрғындарының қалауынша жаңарады

Аулалар қала тұрғындарының қалауынша жаңарады

3 просмотров

Аулалар қала тұрғындарының қалауынша жаңарады

Киелі шаһар деп аталып кеткен Түркістанда қала әкімінің бастамасымен аулаларды абаттандырудың ерекше жолы жүзеге асырылуда. Ендігі жерде қала тұрғындарының өз аулаларын абаттаныдруға ат салыса алады. Көпқабатты тұрғын үйде тұратын қала халқы үй аулаларын абаттандырудың жобасын сызу арқылы балалардың ойын алаңын, демалыс орындарын, сонымен қатар ағаштар мен гүлдердің қалай отырғызылатынын өздері белгілей алады. Жауапты мамандар тұрғындарға белсенді болуға шақырып, өз аулаларын әсем етіп көріктендіруге үндейді.

Бүгінде облыс орталығында дәл осындай әдіспен 25 жоба жүзеге асып жатыр. Аталған жұмыстар қарқынды атқарылып, 5 көпқабатты үй ауласындағы ойын алаңдары толық аяқталған. Осындай нысанның бірі Әл-Фараби көшесінде салынып жатыр. Құрылыс алаңының жалпы аумағы 0,56 гертарды құрайды. Скверге 7200 шаршы метр газон төселіп, 1300 метр аумаққа гүл отырғызылады және 25 дана ағаш отырғызылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *