АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫҒАН АУЫЛ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫҒАН АУЫЛ

82 просмотров

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫҒАН АУЫЛ

Түркістан облысы Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округіне қарасты: Шорнақ, Қосмезгіл, Аша, РЗД-32 4 елді мекендерінде 12955 халық тұрады. Ауыл тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Ауыл округі бойынша: Жалпы жер көлемі 51770 га Оның ішінде: Суармалы жер – 4608 га Жайылым жер – 24120 га. Бұл жайында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бриффингке Шорнақ ауылдық округі әкімінің м.а Нышанкүл Жуманова баяндады.

Ауыл округі бойынша барлығы 101 шаруа қожалығы оның ішінде іріленген 9 шаруа қожалығы бар.
2020 жылы жылыжай салып ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіріп пайда табу мақсатында бүгінгі таңда ауыл тұрғындары 0,85 га жаңадан жылыжай салып құжаттары рәсімделіп, редиска, қияр, қызанақ егіп жұмыс жасайды.

10-15 бастан мал бордақылау алаңдарын салу жоспар бойынша 7 бірлік болса, 6 айда толықтай орындалған. Жанұялық сүт фермаларын салу жоспар 3 бірлік болса, орындалғаны 2 бірлік. Шағын құс фермаларын салу тапсырма 1 бірлік болса 3 бірлік орындалған.
Биылғы 2020 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен ауылдағы Аша елді- мекенінде А.Байтурсынов көшесіне орташа жөндеу жұмысы, Ы.Алтынсарин, Ж.Шаяхметов көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілген.

Шорнақ ауылдық округі бойынша Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде орналасқан заңды 42 жеке кәcіпкерлер бар. Оның ішінде 32 жуығы сауда нүктелері. Үш жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын: 1.«Бекарыстан » ЖШС-(ПГС) , 2.«ХДС и компания» ЖШС, 3.«Нұр-строй» ЖШС-гі және бір асфальт зауыт 4.«Азрет жол құрылыс» ЖШС-гі, екі қыш шығаратын зауыт 5.«Бинэкс» ЖШС-гі және 6.«Ұлжан-Нұр» ЖШС-гі
Екі жиһаз жасайтын цех бар. Атап айтсақ ЖК «Құдайбергенов Файзулла» орындық, және т.б қосымша заттар шығарады, ЖК «Хабибулла Ата» Г. Абишева әр түрлі үлгідегі үйге қажетті жиһаздар шығарса, ЖК «Қорғанбаева Фатма» автокөлік әйнектерін (лобовое стекло) шығарады.

Баспасөз конференциясында ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуы жайында баяндаған ауыл әкімінің м.а Нышанкүл Жуманова БАҚ өкілдері тарапынан жолданған сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *