Ауыр қылмыстардың шешілуіне қала әкімі сын айтты

Ауыр қылмыстардың шешілуіне қала әкімі сын айтты

0 просмотров

Ауыр қылмыстардың шешілуіне қала әкімі сын айтты

Қаламыздың тәртіп сақшылары өнімді еңбек етіп, шаһардың тыйыштығын күзетуден бір сәтте шаршаған емес. Пандемияның өршіген  кезіндегі атқарған қызметтері де орасан. Екі аптаға созылатын карантин уақытында кезектесіп көлікте түнеп, оқшауланған тұрғындардың тәртібіне баса мән беріп, тіпті қажетті азық-түліктерін де әкеліп беріп отырған. Аталмыш мекеменің басшысы Бауыржан Селтанов өткен 8 айды қортындылап,шаһар әкіміне есеп берді.

Есеп беру өткен жылдың 8-айына дейінгі көрсеткішпен салыстырмалы түрде жүргізілді. Полиция басқармасы басшысының баяндауынша биылғы жылғы көрсеткіш 2019-жылғыдан едәуір азайған. Нақтырақ айтар болсақ алдыңғы жылы 918 құқық бұзушылық тіркелсе, биыл 683 іс тізімге алынған. Бұл дегеніміз қаладағы тәртіпсіздік деңгейі 25,6 %- ға азайғанының көрсеткіші. Криминалдық полицияға тіркелген 843 тәртіп бұзу фактісі 26,4 %-ға кеміп, 620 құқық бұзушылық тізімге ілінген.

Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 153-тен 210-ға көтерілген. Өткен жылы бұл қылмыстардың 89,9- шешімін тапса, биылғы көрсеткіш 71,8 пайызға ғана жетіп тұр. Аса ауыр қылмыстардың ашылуы да көңіл көншітпейді. Дәлірек айтсақ, тек қана 75 % — дық деңгейді құраған.

Еспеті толық тыңдаған қала әкімі Рашид Аюпов қылмысты болдырмау және алдын алу жұмыстарына аса ұқыптылықты талап етті. Биылғы есептің көңіл көншітпейтінін айтып, сынға алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *