Аялдамалар рухани шаһардың көркін аша түсті

Аялдамалар рухани шаһардың көркін аша түсті

4 просмотров

Аялдамалар рухани шаһардың көркін аша түсті

Биылғы жылға Түркістан қаласына 30 дана аялдама орнату жоспарланған еді. Бүгінде оның 15-і қала көшелеріне қойылған. Басты ерекшелік — сіз тұрған аялдамада келетін көлік бағыттары жазылған. Жыл соңына дейін қалған 15-і орнатылады деп күтілуде.

Қазіргі күні қалада 106,3 шақырымды құрайтын жалпы саны 81 көше күрделі, орта және ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, қала аялдамалары да жаңа жобамен жасала бастады. Бұл жұмыста шаһар басшысы жазда ыстықтан, қыста суықтан қорған болуы үшін аялдамалардың жабық, ішінде теледидар, wifi болуын жүктеді. Нәтижесінде осы талаптар аясында алғаш «Әмір Темір» аялдамасы ел игілігіне берілгендігін айта кету керек.

Жарықтандыру ісінде бұған дейін қала көшелерінің 18 пайызы ғана жарықтандырылған болса, бұл көрсеткіш бүгінгі күні 30 пайызға жетіп отыр. Сонымен бірге сарқынды су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғындардың 11,9 пайызы аталмыш жүйемен қамтылатын болады. Ауыз су мәселесінде де жоспарланған межеге қол жеткізілуде. Бұған қоса, І және ІІ мөлтек аудандардағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтитын орталық жылу қазандығын көмірден көгілдір отынға ауыстыру туралы шешім қабылданып, алдағы жылу маусымында тұрғындар табиғи газ жүйесі арқылы жылу алатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *