Бүркіт: Балаларды вакциналау ерікті болу керек

Бүркіт: Балаларды вакциналау ерікті болу керек

14 просмотров

Бүркіт: Балаларды вакциналау ерікті болу керек

Әнші Бүркіт балаларды вакциналауға қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, балаларға екпе ерікті түрде, тек ата-аналарының рұқсатымен салынуы керек, деп хабарлайды аймақ ақпарат.

Үш бала тәрбиелеп отырған Бүркітті перзенттерінің болашағы алаңдатады. Әке ретінде ол мәжбүрлі вакциналауға қарсы екенін Instagram-дағы парақшасында білдірді.

«Балаларға вакцинация ерікті болуы керек деп санаймын. Әр адамның өзінің позициясы бар, әр адамның өз пікірі мен ұстанымын мен сыйлаймын. Біреулер балаларына вакцина салдырғысы келеді, біреулері шешім қабылдауға қиналып тұрғандары, ал енді біреулері мүлдем қарсы.

Сондықтан да әр адамның ой-пікірін сыйлап қабылдауға шақырамын. Ата-аналары өздері шешу керек, қойдыра ма әлде жоқ па?! Қандай болса да, ел аман болсын. Ары қарай өздеріңіз білерсіздер. Мен ешкімді салдыр, салдырма деп үгіттемеймін. Әркімнің өз ойы бар бұл жөнінде. Ең бастысы балаларымыз аман болсын!» — деп жазба қалдырды ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *