БҰЛ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

БҰЛ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

16 просмотров

БҰЛ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

МЫРЗАЛИЕВ БОРАШ СМАЙЫЛҰЛЫ, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Қазіргі таңдағы әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуалдың құбылып, қарапайым халықтың зәре-құтын қашырып тұрғаны жасырын емес. Дүние жүзілік дағдарыс құбылыстары байқалған сәтте оның әсері кез-келген елдің даму үдерістеріне айтарлықтай өзгеріс әкелетіндігі де аян.

Ал, бұл қаржылық құбылудың Қазақстан экономикасына қаншалықты кері әсері бар? Осындай сәтте экономикалық тұрақтылықты қалай сақтай аламыз? Күні кеше осы мәселелер Президенттің Үкіметке және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты орган жетекшілерімен өткізген кеңес отырысында егжей-тегжейлі түсіндірілді. Президент қандай жағдайда да мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау үшін Үкіметке және Ұлттық банкке арнайы тапсырмалар жүктеді.

Президент тапсырмасымен жедел әрекет ету штабы құрылып, барлық тиісті жұмыстарды бақылауға алу міндеттелді. Дағдарысқа қарсы арнайы шаралардың ішінде ірі кәсіпорындарға қолдау көрсету арқылы халықты жұүмыспен қамтамасыз етуге басымдық беру қажеттілігі айтылды. Мүмкіндігінше қарапайым ел тұрғындарына жұмыс көздерін көптеп тауып, дағдарыс әсерін сезінбеуге жағдай жасау шаралары қарастырылды.

Сондықтан, дағдарыс келеді деп даурыға берудің аса қажеттілгі жоқ. Бұл қаржылық қиындықты да еңсеріп, еңсе тіктеп кетуге біздің елдің қажыр-қайраты толығымен жетеді. Мемлекет басшысы тапсырған тиісті міндеттемелер лайықты орындалып, барлық жағдайдың алдын-алуға болатын шаралар толығымен жасалса, экономикалық құлдыраудың алдын-алатынымыз анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *