БҰЛ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІГІМІЗ СЫНАЛАТЫН УАҚЫТ

БҰЛ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІГІМІЗ СЫНАЛАТЫН УАҚЫТ

4 просмотров

Жуырда ҚР Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдауда ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратындығының айтты. Осы орайда халық пен мемлекеттік органдар бірлесе отырып, осы пандемияны тоқтатуға жұмыла жұмыс жүргізуі керек. Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындай білсек, бұл қиындықтан тезірек шығамыз.

Осындай сын сағатта бірлігімізді сақтап қана қоймай одан әрі бір-бірімізге жанашырлық танытып, індетті жою жолында ұтымды да тиімді іс-әрекеттерге батыл бару керек. Бүгін мына індеттен елімізді, әсіресе өскелең ұрпағымызды, жастарымызды қорғап қалатын, сақтап қалатын заман. Карантин жағдайындағы біздерге қойылатын талаптарға салғырт қарау, халыққа жасаған қылмыс деп түсінуіміз керек.

Ел Президентінің Үндеуін ұлт болып қолдайық!

Ербол Ержігітов – Value волонтерлар ұйымының жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *