Бұл індетті бірігіп қана жеңеміз

Бұл індетті бірігіп қана жеңеміз

4 просмотров

Бұл індетті бірігіп қана жеңеміз

Қазіргі таңда сырқаттанып ауырып жатқан адамдардың саны елімізде едәуір артты. Соның салдарынан карантин шектеулері күшейтіліп сақты жұмыстарына барынша мән беріліп жатыр. Бұл мемлекет тарапынан жасалған дұрыс қадам деп бағамдап отырмын. Сол себепті, карантин талаптары сақталмай, гигиеналық ережелерді ұмыту салдарынан ауырғандардың саны күрт артты. Шығын бұдан да көп болмасын десек, карантин талаптарына бағынуымыз керек. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөз бар. Сондықтан бұл ұлт денсаулығы үшін жасалынып отырған шаралар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен жиында елдегі ахуалдың көңіл көншітпей тұрғанын атап өтті. Расында да ел төңірегінде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр.
Бұл індетті бірігіп қана жеңетінімізді уақыт өзі ұқтырды. Үйден шықпай, той-жиынды кейінге шегере тұрсақ, індеттің таралуы азаяр еді. Сондықтан да барша жерлестерімді карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын.

Бақжан Әуелтаев,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының тұрғыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *