БҰЛ ІРІКТЕУ ШЫНАЙЫ КӨШБАСШЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ

БҰЛ ІРІКТЕУ ШЫНАЙЫ КӨШБАСШЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ

335 просмотров

БҰЛ ІРІКТЕУ ШЫНАЙЫ КӨШБАСШЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев праймеризді өткізудің мерзімі мен ережесін белгіледі.
Мен, Пралиева Фарида Азмеданқызы 2019 жылы қараша айында пилоттық режимде өткен партиялық праймеризге қатысып, 1144 үміткердің ішінен 2-ші орынды иемденіп, резервке өткен болатынмын.
Көкейіме түйгенім:
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына қоғамды шоғырландыру және «Nur Otan» партиясы фракциясы жұмысын жандандыру көзделген екен.
Праймеризді депутаттыққа кездейсоқ үміткерлердің өтіп кетуіне қойылған мықты тосқауыл әрі сәтті жоба екенін түсіндім.
Бүгінгі заманның талабы өте күшті.
Сондықтан, жан-жақты, әлемдік деңгейдегі білімді игеруіміз керек;
Отаншыл, халықшыл, ел қамын ойлайтын, шынайы патриот болуымыз керек;
Ең бастысы батыл, шыншыл, қоғамшыл қайраткерлерден үлгі алуымыз керек.
Биыл 17 тамыз бен 3 қазан аралығында белгіленген праймеризге дүр сілкінгендей көтеріңкі көңіл-күймен қатынасуға тас-түйін дайындалып отырмын.
Бұл іріктеу шынайы көшбасшыларды анықтайтынына бек сенімдімін.
Праймериз – нағыз лайықтыларды анықтап, еліміздің жарқын болашағына даңғыл жол ашып, шаттығымызды бақытымызға ұластыратыны анық.

Фарида ПРАЛИЕВА,
«Nur Otan» партиясының мүшесі,
үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернат директоры, Түлкібас ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *