БҰЛ МЕЗГІЛ – ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

БҰЛ МЕЗГІЛ – ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

12 просмотров

БҰЛ МЕЗГІЛ – ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Әлем халқын аяғынан тік тұрғызған коронавирус елімізге де жеткені белгілі. 16-наурыздан бастап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ел басына төнген қауіптің алдын алу үшін жасалып жатқан төтенше жағдайға ел аумағы түгелдей атсалысып жатыр. Бұл ретте облыс орталығы – Түркістан шаһары тұрғындарының мүддесі мен індеттен сақтану басты назарға алынды.
Төтенше жағдай жарияланған бір аптадан бері қалада атқарылған қызметке тоқталмақпыз. Атап айтар болсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және ҚІІБ учаскелік полиция, төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлескен короновирус індетінің алдын алу бойынша құрылған штабтың жоспарына сәйкес түнгі мезгілдегі рейдтер жүргізуді қолға алды. Шара мақсаты – әрбір тұрғынның денсаулығы маңызды екенін, тіпті денсаулыққа салғырттықпен қарау қалың қауымның, үлкен жақтан алғанда тұтас бір елдің өміріне қауіп төндіретін кезеңде тұрғанын терең ұғындыру болып табылады.
Рейдттер барысында мекемелер, дүкендер мен сауда орталықтарына, қала аумағындағы коронавирустық инфекцияның профилактикалық шараларын күшейту мақсатында құрылған мобильді топ залалсыздандыру, сақтану және қорғану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Сонымен қатар, қала әкімдігі мен әкімдікке қарасты ішкі саясат бөлімі және Түркістан қаласы полиция қызметкерлері болып төтенше жағдай режимін сақтаудың жолдарын жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін автовокзалдар мен қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жұмыстары жүрді. Залалсыздандыру жұмыстарымен Түркістан облыстық дезинфекция орталығы, Түркістан қалалық секторының дезинструкторлары мен мамандары айналысып жатыр.
Қала тұрғындары үшін ең керекті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау мақсатында «Шапағат», «Дастарқан», «Бәйтерек» сауда орындары, «Азиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендерге рейд жүргізілді. Азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Оған қоса, бағаның негізсіз өсуін бақылау мақсатында қауырт желі де іске қосылды.
Қала жастары да қолдарынан келген көмектерін жасап жатыр. Ел ертеңі болған жастарда халық игілігі үшін жұмыстар атқаруда. Ерікті жастардан құралған арнайы волонтерлар тобымен қала тұрғындарына, көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлерге, құрылыс алаңдары мен аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға жүздеген медициналық қорғаныс бетперлерін таратып, коронавирустың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп келеді.
Төтенше жағдай режимі енгізілген бір аптадан бері қалада атқарылған жұмыстар легі көп. Әлі де атқарыла береді. Қазіргідей ел болып індетпен күресіп жатқан бұл мезгіл жұдырықтай жұмылған бірлікті қажет етеді. Қара бастың қамынан гөрі, халыққа кесір тигізбеу дейтін жауапкершілік әрбір азамат үшін керек. Ол үшін біз бен сіз болып төтенше жағдай режимін сақтау мен індеттен сақтану жолдарын қолдау болып табылады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін күресу еліміздегі әр азаматтың міндеті екенін терең сезінгеніміз ләзім!!
Бақытжан БУКЕБАЕВ,
Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *