БӘЙДІБЕКТЕ 81 ЖАСТАҒЫ ВЕЛОСПОРТШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

БӘЙДІБЕКТЕ 81 ЖАСТАҒЫ ВЕЛОСПОРТШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

17 просмотров

БӘЙДІБЕКТЕ 81 ЖАСТАҒЫ ВЕЛОСПОРТШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Шымкент қаласынан Түркістан облысының бірқатар аудандарына сапарға шыққан 81 жастағы спортшы Кеңесбек Сейтімбетов Ордабасы ауданынан кейін бүгін Бәйдібек ауданының Екпінді елді мекеніне аялдады.Екі дөңгелекті көлікпен сапарға шыққан Кеңесбек Сейтімбетұлын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Екпінді елді мекеніндегі 19 ғасырдың 80 жылдары салынған, бүгінде тарихи маңызы бар «Қызылкөпір» көпірінде қарсы алды. Бағдатбек Пердебайұлы сексен жастан асқан спортшыны еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, халықаралық деңгейдегі веломарафоншы ретінде спорт және туризм салаларының дамуына қосып отырған үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлық табыс етті.

Спортшы Кеңесбек Сейтімбетов өзіне құрмет көрсеткен Бәйдібек ауданының басшылығына алғысын білдіріп, Отырар ауданына жолға шықты.Он жасынан бастап велоспортпен айналысып келе жатқан Кеңесбек Сейтімбетов дүниежүзінің көптеген елдерін аралап, елімізді танытуға өзіндік үлес қосып келеді. Қазақстанның Ресейдегі жылы аясында Мәскеу қаласына, Түркістанның 1500 жылдығына орай Түркістан – Мекке (Біріккен Араб Әмірлігі) бағытымен, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін елордамызға велосипедпен барған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *