БӘЙДІБЕКТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

32 просмотров

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында «алдымен экономика, содан соң саясат» деген-ді. Ал, экономиканы, елдің әлеуетін көтерудің бір ұшы жергілікті билік өкілдеріне тікелей қатысты. Ол үшін ауыл-ауылдағы тұрғылықты халық толықтай ауызсумен, газбен, электр энергиясымен тағы да басқа адам тіршілігіне қажетті жайлармен қамтылуы керек.

Үстіміздегі жылдың 6 айында атқарылған,  атқарылып жатқан және атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Енжанов Марат Лесбекұлымен әңгімелескен болатынбыз.

— Әңгімені алдымен ауыз су мәселесінен бастасаңыз?

— Бүгінгі күні аудандағы 51 елді мекеннің 43 елді мекені (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

— Ауыз сумен қамтылмай отырған Ақжар ауылына жаңа ауыз су жүйесін жүргізуге мердігер мекемені анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сондай-ақ, Жаңаталап, Жұлдыз ауылда-рында да жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын жүр-гізуге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммунал-дық шаруашылық басқармасының тарапынан жер асты су қорына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра ауылдары орталықтан шалғайда орналасқандықтан әрі экономикалық жағынан тиімсіз болғандығы қолды байлап отыр. Сондықтан, алдағы кезеңде Түркістан облысының 2022-2026 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, аудандағы 5 елді мекенге жер асты суын тазартатын модульдік қондырғылар орнату көзделуде.

Есептегі ауыз су құбырымен қамтылған 43 елді мекеннің 42-не ауыз су берілсе, 1 елді мекенде (Сарқырама) ауыз су берілуі уақытша тоқтап тұр. Десек те, аталған Сарқырама елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары («Алем строй-1» ЖШС-і тарапынан) жүргізілуде.

Шақпақ елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланымдағы тозығы жеткен ауыз су жүйесіне де (қайта құру жүйелерінің құрылысын салуға) жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық салалық басқармаға қаржыландыруға /бюджеттік өтінімі/ ұсынылған.

Шаян елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді (ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары) «Сапа құрылыс-2007» ЖШС-і жүргізуде.

 

— Елді мекендерді табиғи газбен қамту жайы да күн тәртібінде тұрған шығар?

— Аудан аумағын табиғи газбен қамту мәселесіне келетін болсақ, аудан аумағында орналасқан Шаян, Шалдар, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт, Боралдай, Тасқұдық, Сарқырама, Ынтымақ, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Мәдениет, Қосбұлақ, Жүзімдік, Ақбұлақ ауылдарына табиғи газ берілуде. Жыл соңына дейін Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаржыларға «жеңімпаз» болып танылған мердігер мекемелер тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес, Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Жыланды, Теректі, Жиенқұм, Шақпақ, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Кеңестөбе, Ақтас-Шұқыршақ, Бәйдібек ата ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша және Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үйлерді және 55 гектар инженерлік-коммуникациялық инфра-құрылымында алдағы уақытта салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға (бюджеттік өтінімдері) ұсынылды. Жаңаталап, Бірлік, Таңатар, Қошқар ата ауылына жеткізуші және ішкі  газ құбырларының құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатса, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы ауылына жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Ал, Қызылжар, Нұра, Үсіктас, Байжансай ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады.

 

— Ауыл-ауылды байланыстырып жатқан жолдар бар, ауыл-ауылдардағы ішкі көшелер бар, солар-дың жайын да айта отырсаңыз?

— Бәйдібек ауданы аумағында жалпы пайдаланым-дағы және елді мекендердің ішкі көше автомобиль жолдарының ұзындығы 937,4 шақырымды құрайды. Облыстық бюджеттен бөлінген 427 276,0 мың теңге қаржыға Шаян елді мекеніндегі Әуезов көшесі мен Шөкеев көшесіне және Б.Қарашаұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Пример Строй» ЖШС-і және «Достық спец транс» ЖШС-і тарапынан (ауыз су құбырлары жүргізіліп болған соң) кеңейту жұмыстары жүргізілетін болады.

Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен бөлінген 101 193,0 мың теңгеге Қошқарата елді мекеніндегі Дүйсебаев көшесіне, Шаян елді мекеніндегі Мыңбұлақ көшесіне, Жылқышиев көшесіне, Мүсірепов көшесі мен Жанаева көшесіне және Күлтөбе көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.

Аудандық бюджеттен бөлінген 28 150,0 мың теңге қаржыға елді мекендердегі барлығы 33 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен бөлінген 758 млн. теңге қаржыға ұзындығы 36 шақырым болатын облыстық маңызы бар КХ-7 «Бірлік-Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Жолғабас-Кеңес» автомобиль жолына («СТ-СЕРВИС» ЖШС-нің тарапынан) және 408 млн. теңгеге ұзындығы 15,1 шақырым болатын облыстық маңызы бар КХ-4 «Шаян-Жамбыл» автомобиль жолына («Алем Транс Жол» ЖШС-нің тарапынан) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұның барлығы да биылғы жылы атқарыл-ған, атқарылуы тиіс жұмыстар.

Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32» автомобиль жолынан Қаратас елді мекеніне кіре беріс 7,5 шақырымына, Қаратас-Теректі елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолының 2,0 ша-қырымына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сарап-тама қорытындылары алынған. Аталған нысандарды қаржыландыру (бюджеттік өтінімдері) салалық басқармаға ұсынылған.

Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32» автомобиль жолынан — Жүзімдік елді мекеніне кіре беріс 2,0 шақырым және КХ-2 «Ұланбел-Екпінді» автомобиль жолынан Тасқұдық елді мекеніне кіре беріс 8,0 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуден өткізуге Ұлттық сараптама орталығы арқылы ақау актілері түзіліп, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

— “Ауылына қарап, азаматын таны” дейді халқы-мыз. Ауылымыздың көркі, сәулетті, түнгі уақытта жарық болуын да қалаймыз.

— Аудандық бюджеттен бөлінетін 194 332,0 мың теңге қаржыға Шаян елді мекеніндегі Шөкеев көшесінің бойындағы «Оқушылар аллеясын», Ақбастау елді  мекеніндегі «Жастар аллеясын», Шалдар елді мекеніндегі «Орталық саябақты», Бәйдібек ата елді мекеніндегі «Қос ана» кесенесін, Боралдай елді мекеніндегі орталық стадионды абаттандыру, Мыңбұлақ елді мекенінде орналасқан А.Ералиев көшесі бойындағы көп қабатты үйлердің, Шаян елді мекеніндегі С.Әлжанов, Қ.Спатаев көшесінің бойындағы көп қабат-ты тұрғын үйлердің алдына «Балалар ойын алаңша-ларын» салу, М.Әуезов пен С.Қадырбаев көшелерінің қиылысына мүсіндеме орнату, қоқыс контейнерлерін және шатыр орнату, Боралдай елді мекеніндегі Д.Батыршаев көшесінің бойындағы жолға бағдаршам мен жол кедергілерін орнатуға қою, сонымен қатар, Бәйдібек-ата елді мекеніндегі орталық саябақтың құрылысына қаржы қаралып, жұмыс атқарушы мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Аудандық бюджеттен бөлінген  4 730,0 мың теңге қаржыға (әркім өздерінше үйлеріне қарай электр желілерін тартып, бағаналарын орнатып алған), 28 елді мекеніндегі 1445 тұрғын үйді сапалы электр энергия-сымен қамтамасыз етуге «НурАлем-Саулет» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды.

— Әңгімеңізге рахмет!

 

Ерлан АБЗАЛҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.