БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТСА САПА ЖАҚСАРАДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТСА САПА ЖАҚСАРАДЫ

5 просмотров

БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТСА САПА ЖАҚСАРАДЫ

Бүгінде мемлекеттік емханалар мен жекеменшік емханалар халыққа ақылы қызмет көрсетуде. Ал, қарапайым қала тұрғындары мемлекет тарапынан кепілдік берілетін тегін медициналық көмектің көлемін біле бермейді. Сондықтан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және оған қолжетімділік жайы туралы айтып өтпекпіз.

Түркістанда қазіргі таңда қалалық емханамыздан бөлек қосымша 6 жекеменшік емхана халыққа қызмет көрсетеді. Бұл дегеніміз емханалар арасында басекелестікті арттырып, сапаның жақсаруына әкеледі. Осы орайда, барлық емханалар өз емханасының материалдық-техникалық базасын жақсартуға барынша тырысады. Осы орайда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үлесі өте көп болуда. Атап айтқанда осыған дейін көптеген медициналық қызметтердің ақысын қарапайым халық өз қалтасынан төлеп келген болатын. 2020 жылдан бастап МӘМС жүйесінің енгілуінен бастап бұл шығындардың барлығын қор өз мойнына алған, яғни ендігі кезекте медициналық көмектің қолжетімділігі арта түседі деген сөз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *