БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

97 просмотров

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен апталық мәжіліс кадрлық резервтегі өзгеріс мәселесімен бастау алды. Шаһар басшысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып Мұстафин Абылайхан Сабырбекұлы тағайындалғанын айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Абылайхан Сабырбекұлы – 1985 жылы 26 қаңтарда Целиноград қаласында дүниеге келген. 2005 жыл Еуразия гуманитарлық институтында Тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алған. 
Еңбек жолын 2005 жылы бұрынғы Астана қаласы №18 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2006-2008 жылдар аралығында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратында есепке алу жөніндегі техник және тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2008 жылдың маусымынан бастап Астана қаласы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ұйымдастыру-бақылау және талдау жұмыстары жөніндегі бас маманы ретінде қызметін бастап, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі бөлімнің бас маманы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Астана қаласы әкімі аппаратының қала өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, жиынтық-аналитикалық бөлімінің бас инспекторы және Түркістан облысы әкімі аппаратында Жиынтық-талдау және жалпы мониторинг бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *