Бағдарлама байыпты жүзеге асырылуда

Бағдарлама байыпты жүзеге асырылуда

13 просмотров

Бағдарлама байыпты жүзеге асырылуда

ҚР Премьер Министрі А.Маминнің 2020 жылдың  27 наурызындағы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы туралы» өкіміне сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінде аудан әкімінің №27 өкімімен «Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі» аудандық штаб құрылған болатын. 2020 жылдың 03 сәуірінде өткен штаб отырысына ауылдық округ, кент әкімдіктері және салалық бөлімдерден 2020 жылы іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың жобалық сметалық құжаттары ұсынылып, оның ішінде 291,0 млн.тг құрайтын 15 жоба, яғни:

3 жоба көшелерді жарықтандыру бойынша;

3 жоба абаттандыру жұмыстары бойынша;

3 жоба спорт саласы бойынша;

2 жоба ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша;

4 жоба ауылішілік жолдарды ағымдағы жөндеу бойыншажобалардың жобалық сметалық құжаттары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданып, сәуір айының аяғында 9 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы, қалған 6 жобаға бір көзден сатып алу тәсілімен конкурс жарияланды.

         Бүгінгі күнге конкурс нәтижесі бойынша анықталған 15 жоба бойынша 83 жаңа жұмыс орынын ашу, оның ішінде 42 орыны халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау және инфрақұрылымдық жобаларға қатысатын жұмыссыздардың жалақысы 85000 теңгеден (2 ЕТЖ) кем болмауы жоспарланған.

         Бүгінгі күнге жоспарға сәйкес 83 жаңа жұмыс орыны ашылып, 45 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды (жоспар 107,1 % орындалған).

         Атап айтатын болсақ Шолаққорған ауылындағы «Спорт мектебін ағымдағы жөндеу» жұмыстарына 99,7 млн.теңге, Шолаққорған ауылындағы спорт алаңшасына 6,3 млн.теңге қаралып, конкурс нәтижесі бойынша мердігер «AkZholStroy.com» ЖШС жұмыстарды жүргізуде.

         Спорт мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалпы   30 жаңа жұмыс орыны ашылса, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы17азамат жолданып, уақытша жұмыспен қамтылды.

         Шолаққорған ауылындағы «Спорт алаңшасын ағымдағы жөндеу» жұмыстарына 2 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде 1 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.

         Сызған ауылдық округіндегі футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер жеке кәсіпкер «Изентаева С.А» (қаралған қаржы 7,7 млн.теңге) жалпы 2 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде 1 азамат халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.

         Сызған ауылдық округіндегі «Жастар» саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «AkZholStroy.com» ЖШС» (қаралған қаржы 24,2 млн.теңге) жалпы 6  жаңа жұмыс орыны ашылып, жергілікті 3 азамат халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.

         Ауылішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге  4 жобаға конкурстық негізде жеңімпаз мердігер «Базис-К» ЖШС-не   Шолаққорған ауылдық округіне қарасты  Абай елді мекеніндегі №2 көшеге(қаралған қаржы 18,3 млн.теңге) жалпы 5 жаңа жұмыс орыны ашылып,  оның ішінде  2 жергілікті тұрғын ХЖҚО арқылы, Созақ ауылындағы Маметова көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына (қаралған қаржы 18,1 млн.теңге) барлығы 5 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде 2 жергілікті тұрғын ХЖҚО арқылы, Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы Меймандосов көшелері аралығындағы жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына (қаралған қаржы 2,4 млн.теңге) барлығы 1 жаңа жұмыс орыны ашылып, ХЖҚО арқылы жергілікті  тұрғын жолданып және Төлеби көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына (қаралған қаржы 2,7 млн.теңге) барлығы 1 жұмыс орыны ашылып, жергілікті  тұрғын ХЖҚО арқылы жұмыспен қамтылды.

         Шолаққорған ауылындағы су жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына  «AkZholStroy.com» ЖШС» жеңімпаз болып анықталып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын  қосалқы мердігер Шолаққорған-су МКК жүргізуде (қаралған қаржы 21,0 млн.теңге).

         Шолаққорған ауылының су жүйесі бойынша 5 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде 3 жергілікті тұрғын ХЖҚО арқылы жұмыспен қамтылды.

         Құмкент ауылдық округіндегі Қызылкөл елді мекенін ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша мердігер «Содбис-Строй ЖШС» (қаралған қаржы 53,2 млн.теңге) барлығы 13 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде  ХЖҚО арқылы 6 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.

         Қарақұр ауылдық округіндегі Үсенбай көшесінің аяқ жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «ЕрНурБек-Н» ЖШС (қаралған қаржы 7,5 млн.теңге)  жалпы 5 жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде жергілікті 3 тұрғын ХЖҚО арқылы жолданды.

         Сызған ауылындағы Қозмолдақ-Басбұлақ елді мекендері аралығындағы жарықтандыру жұмыстарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «ЕрНурБек-Н» ЖШС (қаралған қаржы6,1 млн.теңге) барлығы2 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде жергілікті1 тұрғын ХЖҚО арқылы, Қарақұр ауылдық округіндегі Үсенбай көшесінің жарықтандыру жұмыстарына  (қаралған қаржы 7,5млн.теңге) барлығы 2 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде 1 жергілікті тұрғын ХЖҚО арқылы, Шолаққорған ауылдық округіндегі Теріскей көшесінің жарықтандыру жұмыстарына (қаралған қаржы8,2млн.теңге) барлығы  2 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде жергілікті 1 тұрғын ХЖҚО арқылы уақытша жұмысқа жолданды.

         Шолаққорған ауылындағы  Қожанов көшесі бойындағы қорымды қоршау жұмыстарын жүргізуші мердігер жеке кәсіпкер «Алтеков Б» (қаралған қаржы 7,5 млн. теңге) барлығы 2 жаңа жұмыс орыны ашылып, оның ішінде 1 жергілікті тұрғын ХЖҚО арқылы жұмысқа орналасты.

         2020 жылдың 15 мамырында аудан әкімінің №37 өкіміне сәйкес «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруды үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі» аудандық комиссия құрылған.

         Аталған комиссия инфрақұрылымдық жобаларды іске асырушы мердігерлердің Жол картасы талаптарын орындауын үйлестіруді және мониторингтеу жұмыстарын жүргізеді.

         2020 жылдың 16 маусымында Жол картасы арқылы жүргізіліп жатқан жұмыс орындарына барып, жұмыстың сапасын, жүргізілу барысымен танысты.

Мақсат Қарғабай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *