Бала тәрбиесі өзекті мәселе

Бала тәрбиесі өзекті мәселе

0 просмотров

Бала тәрбиесі өзекті мәселе

Мектеп жасындағы балалрдың бос уақытын тиімді жұмсау қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алар бірден-бір амал. Бүгінгі заманның балалары бұрынғылардай азаннан кешке дейін аулада доп қуалап, асық ойнап жүрмейді. Қолы қалт ете қалса смартфонға үңіліп, сондағы атыс-шабысқа алданып, күндерін тектен-текке өткізетініне бәріміз де куәміз. Қауырт жұмыстан қолдары босай бермейтін ата-аналар үшін де балаға телефон беріп тынышталдыру ең оңай әдіске айналған. Алайда, сол балаға телефон ұстар бос уақыт бермей, мейілінше қосымша сабақтарға, үйірмелерге, спорт секцияларына қатыстырсақ келешек дені сау, ақыл-есі толық қалыптасқан, білімді азамат боларына еш күмән жоқ.

Осы орайда, өткен оқу жылындағы мәліметтерге сүйенсек, Түркістан қаласының 5 қосымша білім беру мекемелеріне 2627 бала, мектептерде ұйымдастырылған үйірмелер табалдырығын 27 795 оқушы аттаған. Сонымен қатар, спорт мектептеріне де 18 300 кәмелет жасына толмаған балалар тіркелген.

Оқу ошақтарындағы тәртіпсіздіктердің алдын алуға да басым назар аударылып келеді. Айта кетейік, 2020 жылы пилоттық жоба негізінде Түркістан қаласы адами капиталды дамыту бөліміне қарасты №9 Некрасов, №13 Ә.Науаи, №15 М.Жұмабаев мектеп-гимназиялары мен №26, №27 және Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектептеріне ІР цифрлық бейнебақылау камералары орнатылды.  №22 жалпы орта мектебінде бейнебақылау камерасмен қоса турникет жүйесі де өз жұмысын жасап тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *