Балалардың тәртібі басты назарда

Балалардың тәртібі басты назарда

6 просмотров

Балалардың тәртібі басты назарда

Түркістан қаласындағы жылдам, әрі қарқынды даму жастардың бақылаусыз қалуына себепші болмау керек. Қала әкімі Рашид Аюпов қаладағы ғаламдық масштабтағы жұмыстарға қарамастан, кәмелетке толмаған балалар мәселесіне де назар аударуын тоқтатқан емес. Жасөспірімдер мен балалар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту мақсатында көптеген шаралар жасалып, істер атқарылып келеді. «Түркістан қауіпсіз қала» бағдарламасы сол мүдденінің орындалуы үшін қызмет істеуде. Сондай-ақ, қаламыздағы 31 жалпы білім беру мектептерінде 62 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары балалардың тәрбиесіне баса назар аударуын тоқтатқан емес.

Және де қала мектептеріне 10 полиция инспекторы, 6 аумақтық инспектор бекітіліп, мектеп оқушыларының қылмыс пен тәртіп бұзушылығының алдын алуға тырысып бағуда. Атап атсақ, осы жылдың алғашқы 5 айында прокуратура мен полиция басқармасы бірігіп 16 рейдтық жұмысын жүргізді. Мектептерде ата-аналар мен ұстаздардың біріге ұйымдастырған жиналыстар, оқушыларға арналған ашық сабақтар өз жемісін береді деп сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *