БАЛТАКӨЛ ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ АЛЛЕЯНЫҢ ВЕЛОЖОЛЫ МЕН ЖҮГІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛАҒЫ БОЛАДЫ

БАЛТАКӨЛ ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ АЛЛЕЯНЫҢ ВЕЛОЖОЛЫ МЕН ЖҮГІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛАҒЫ БОЛАДЫ

48 просмотров

БАЛТАКӨЛ ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ АЛЛЕЯНЫҢ ВЕЛОЖОЛЫ МЕН ЖҮГІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛАҒЫ БОЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов “Бекзат” мөлтек ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен танысты.

Маусым айында басталған Балтакөл тас жолы бойындағы 1.2 шақырымға созылған аллеяны көріп, бірқатар сын-ескертпелер жасады. “Көркем қала” ЖШС мердігерлік ететін аллея құрылысына қатысты қала басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында веложол, таңертеңгілік жүгіруге арналған жол болуын айтып, жобаны қайта жасауды тапсырды.

Қала әкімі Т. Бәйтерекұлы көшесіндегі екі қабатты үйлердің (Черемушка) жуық арада жөндеуден өткізу мәселесін көтерді. Соның ішінде жұмысты тездетіп, тиісті шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Мұнда табиғи газ, кәріз жүйесі орналастырылып, сыртқы әжетханалар алынатын болады.

Және де аталмыш мөлтек аудандағы А. Үсенов және Ә. Сандыбай көшелері бойы көгалданады. Қазіргі күні топырағы тегістеліп, су көздерінің жүйесі жүргізілген. Көгалдардың алдағы уақытта қуармай, уақытында суғарылуы үшін жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарланған. Одан бөлек, Рашид Абатұлы жарықшамдар орнату қажеттігін де айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *