Баршаға қолжетімді - медицина

Баршаға қолжетімді — медицина

62 просмотров

Баршаға қолжетімді - медицина

ӨМІРБАЯН

Мен Қамбаров Қанат Қайратұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туғанмын. Білімім құқықтану, яғни Заңгер. Үш баланың әкесі, яғни жас әке. Қәзіргі таңда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалында Заңгерлік істер жөніндегі бас сарапшы қызметін атқарамын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті қала тұрғындары және партия мүшелері сенім білдіре келіп, егерде Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының праймеризіне сайлансам, денсаулық саласын жақсарту, дәрігерлердің мәртебесін көтеру және пациент құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарды атқаратын боламын.
COVID -19 қорқыныш пен үрей тудырып қана қоймай, елді мейірімділік пен түсіністікке, шыдамдылыққа тәрбиеледі. Пандемия біткеннен кейін көп адамның осыған дейін қалыптасқан өмір салты өзгеріп, құндылықтары басқаша болмақ. Қиын қыстау кезде әдетте ұсақ-түйек болып көрінетін заттар үлкен мағынаға ие болды. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік.
Дегенмен, індеттің беті қайта бастағанымен, босаңсуға әлі ерте. Ендігі мақсат – азаматтарымыздың денсаулығын жіті бақылау, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыру.
«Nur Otan» партиясының саясатын толық қолдай және насихаттай отырып, қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларға белсене қатысып, осы мәселеде Түркістан қаласы тұрғындарына қатысты нақты ұсыныстар бере отырып, оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етемін.
Халқымыз басты байлық денсаулық деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқың тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.
Міне, осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, Сайлауалды бағдарламада түйткілді мәселелерді шешуге басымдық беріп отырмын.
ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 80-қадамында: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді айтқан болатын. Осыған орай, еліміздегі денсаулық саласына енгізіліп жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа қажетті пайдалы шаралары барын негізге алғым келеді. Осы ретте, денсаулық сақтау саласындағы өткір мәселелерді сараптай келе, шешу жолдарына мән бердік. Атап өтерлігі, медициналық қызметтердің сапасы, білікті кадрлардың тапшылығы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтарды жаңарту, МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жөнінде халықты хабардар ету.

Яғни, Баршаға қолжетімді — медицина
Мемлекеттің ең басты құндылығы дені сау ұрпақты тәрбиелеп, еңбекке қабілетті адамдар қатарын көбейту. Осыған орай, жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірегейі — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылығы – жарнаны әркім мүмкіндігіне қарай төлеп, қажетіне қарай медициналық қызмет алуы. Яғни, МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымнан қажеттілігіңізге қарай, сырқатыңызды қанша уақыт емдеу керек болса, сонша медициналық көмек алуға құқылысыз. МӘМС пакетіне кіретін қызметтер толық көрсетіледі және қосымша ақы төлеуді қажет етпейді. Сондай-ақ, еліміздегі үздік клиникаларда тиімді емделу және қымбат бағалы операциялар жасату мүмкіндігі жұмыс істейтін әр азаматтың денсаулығын сақтауға, еңбекке жарамсыздық қағаздарының мерзімін қысқартуға және жұмыс берушілердің шығындарын азайтуға ықпал етпек.
Әсіресе, шалғай аймақта орналасқан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында емдеу орталықтарын ұйымдастырып, қажетті медициналық көмектерге қолжетімділікті арттыруды көздеп отырмын. Ол үшін ауылдарға инвестиция тартып, жеке меншік медициналық орталықтарын ашуға болады. Яғни, медициналық қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерді, МӘМС жүйесіне тарту. Оларды қаржыландыру. Сонымен қатары, Түркістан қаласында КТ, МРТ(магниттік резонанстық томография) құрылғылары тапшы болғандықтан, тұрғындардың басқа облысқа баруына тура келеді және ақылы түрде. Аталған қызметтер қарапайым халықтың қалтасына сай келе бермеитіні анық. Сол үшін аталған құрылғылармен қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерді, қаламызға тартудың бірден бір шешімі ол, МӘМС жүйесіне тарту.
Жекеменшік емханалардың санын арттыру — мемлекеттік ұйымдардың жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адам аз болғандықтан қызмет сапасы жақсарады. Аты жеке болғанмен, мекемені түгел мемлекет қаржыландырады. Мемлекеттік ұйымдарға қойылған талап бірдей жүреді.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізігі мақсаты – жеке қаржыны тарта отырып, инфрақұрылымды дамыту және медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Бұл жоба екі тарапқа да тиімді. Себебі, мемлекет медициналық мекемелерді пайдалануға беру мен қаржылай қамтамасыз ету шығындарын азайтады да, денсаулық сақтау нысандарын салуды жеке секторларға береді. Ал, олар жеке кәсібін тұрақты әрі ұзақ мерзімді етіп, одан әрі кеңейтуге мүмкіндік алады.

Екінші
Пациент құқығын қорғау
Елімізде пациенттердің құқығының бұзылуы жиі байқалып тұрады. Оған басты себеп — пациент өзінің құқықтарын толық білмейді. Жалпы, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі — пацинеттердің құқығын қорғау. Осыған орай, Қор тарапынан халықпен кері байланыс орнатуға байланысты кері байланыстарды іске қосты. Атап өтерлігі, 1406 бірыңғай байланыс орталығы , Қолдау мобилді қосымшасы, әлеуметтік желілердегі арнайы арналар жүйелі жұмыс жасап жатыр.
Аталған бірыңғай байланыс орталығы және мобильді қосымша арқылы келіп түскен арыз шағымдар уақытылы, әрі сапалы қаралуына аса жоғары мән беріп, дәрігер және пациент арасындағы түсіністікті нығайтуды жетілдіреді.
Заңгер ретінде, бірінші ұстанымым заң алдында бәрі тең. Қаралатын арыз шағымдардың уақытылы, сапалы қаралуына ықпал жасау. Сонымен қатар, пациенттің құқығына қатысты шиелініскен мәселелерді заң аясында шешіліп, толықтай қанағаттануына ықпал ететін боламын.

Үшінші
Ауруларды ерте диагностикалау – тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдығуын, қатерлі ісікті, бедеулікке жол бермеуге және тағы сол сияқты қоғамның күрделі мәселесіне айналған ауруларды алдын алуға болады.
Қазіргі уақытта ауруларды ерте бастан диагностикалау мәселесі бірінші орынға шыққан. Тіпті бір қарағанда өздерінде мерзімді түрде диспансерлеуді өтуге арнап барлық жағдайлар жасалған ірі қалалардың өзінде кейінгі жиырма жыл ішінде аурудың асқынып кеткен кезеңінде медициналық көмекке жүгініп келетін пациенттердің саны едәуір көбейіп кетті. Ең алдымен бұл өзінде басты принцип – ауруды емдеу емес, оның алдын-алу болатын кезіндегі кеңес республикаларында денсаулық сақтаудың негізін құраған мерзімді алдын-ала тексерулердің тоқтатылуымен байланысты орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың себебіне тұрғын халықтың, әсіресе ауылд тұрғындарының экономикалық жағдайының төмендеуі, олардың тиісті түрде жабдықталған мамандандырылған диагностикалау орталықтарынан алыс орналасуы, білікті медицина қызметкерлерінің тапшылығы жатады.
Айтулы мәселелерді шешудің бірнеше жолдарын ұсынамын:

  • Ауруларды басқару бағдарламасын одан әрі жетілдіріп, халық арасында тұтас қолдану керек.
  • Аса қауіпті ауруларды: жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, туберкулезді ерте бастан диагностикалауға арналған жылжымалы шағын зертханаларды жабдықтау.
  • Республикамыздың шалғай жатқан және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз болып келетін аудандарына диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін білікті медицина қызметкерлерінің ілесуімен мерзімді көшпелі рейдтерді ұйымдастыру.
  • Ең алдымен балаларға медициналық қызмет көрсету ісін жетілдіру.
    Сонда аурудың асқынуына жол бермейтін едік. Есесіне алдын алып, еңбекке қабілетті азаматтардың қатарын көбейтуге септігімізді тигізетін едік.

Төртінші
Онлайн медицинаны дамыту – Дәрігер мен пациенттің арасын жалғайтын қосымшаны іске қосу керек.Яғни, шалғай жерде, ауыл тұрғындарына медициналық қызметті қолжетімді ету. Қазақстандық пациенттерге шетелдік дәрігер кеңесін алуды қолжетімді болуына ықпал ету.Қосымша кез келген жерден, тәулік бойы дәрігерге бейне, аудио қоңырау,чатпен немесе анономиді түрде хабарласып мамандандырылған медициналық кеңес алуға мүмкіндік береді.
Емханаға барып, уақыт жоғалтып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Үйде немесе жұмыс орнында отырып кез келген мәселе бойынша дәрігерден кеңес алуға болады.
Біріншіден, науқас үйінен шықпастан дәрігердің көмегіне жүгіне алады. Екіншіден, карантин кезінде науқас та, дәрігер де қашықтықты сақтай отырып, індеттің ушығуының алдын алады. Үшіншіден, шалғай елдімекендерде тұратын халыққа медициналық көмек қолжетімсіз жағдайда, сонымен қатар медициналық көмек шұғыл мұқтаж адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілетін болады.
«Ерім дейтін, ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» осы нақыл сөздің мән–мағынасын ұғына отырып, аға буынның үміт артуы көңілге қуаныш ұялатады. Қонаев Дінмұхаммед атамыз айтқандай, Өмірдің екі тірегі: Біріншісі, үйренуден жалықпау, екіншісі, үйретуден аянбау. Аға буын үйретуден аянбаса, мен үйренуден жалықпаймын. Ендігі кезек «Бақ пен бап» қатар шапқан додадан өздеріңізден қолдау күтемін. Еліміздің ертеңі үшін атсалысайық ағайын!!!

One thought on “Баршаға қолжетімді — медицина

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *