БАСКЕТБОЛШЫ КОБИ БРАЙАНТ ПЕН ОНЫҢ ҚЫЗЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

БАСКЕТБОЛШЫ КОБИ БРАЙАНТ ПЕН ОНЫҢ ҚЫЗЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

24 просмотров

БАСКЕТБОЛШЫ КОБИ БРАЙАНТ ПЕН ОНЫҢ ҚЫЗЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Биыл әйгілі баскетболшы Коби Брайант пен қызының өмірден өткеніне екі жыл толды. Даңқты спортшы мен оның қызы Джианна қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды.

Ескерткіште спортшы «Лос-Анджелес Лейкерс» жейдесінде қолына доп ұстаған қызын құшақтап тұр.

Ескерткіш 2020 жылдың қаңтарында Брайант пен оның қызы қайтыс болған тікұшақ апаты болған жерде орнатылды. Мүсінді Дэн Медина жасаған.

Халық мүсін алдына гүл шоқтары мен естелік бұйымдар қойып, баскетбол аңызына және қайғылы оқиға құрбандарына тағзым етті.

Мүсін қоладан жасалған және салмағы 72,5 келі. Ескерткіште ұшақ апатынан қаза тапқан қалған жеті адамның да аты-жөні ойып жазылған.

Еске салайық, баскетболдан NBA-дің бес дүркін чемпионы Коби Брайант пен оның 13 жастағы қызы Джианна Мария Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза болды. Тікұшақ құлаған бетте отқа оранған.

41 жастағы Брайант жаттығуға өзінің жеке тікұшағымен кетіп бара жатқан. Баскетболшымен бірге тағы 7 адам көз жұмды.

kaz.tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.