БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІЛЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАУДА

БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІЛЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАУДА

14 просмотров

БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІЛЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАУДА

Түркістан қаласындағы әлеуметтік мәселелердің ішінде тұрғындарды мазалайтын баспана мәселесі кейінгі кезде оң шешімін тауып келеді. Соның жарқын дәлелі соңғы бір жылда мыңға тарта (996) отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Оның ішінде өз кезегінде пәтер алғандармен қатар облыс орталығына қызмет бабымен келген мемлекеттік қызметшілер де бар. Бұл көрсеткіш алдағы күндерде де еселене түспек. Ол үшін жаңа үйлер бой көтеріп жатқандығы баршаға аян. 

Қазіргі таңда облыс орталығы Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің (350 мың ш.м., 5600 пәтер) құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 тұрғын (92,2 мың ш.м, 1452 пәтер) үй, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде: кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға (450 пәтер), кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлеге кредиттік тұрғын үй (1002 пәтер) тапсыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *