БАСТЫ ТАЛАП - ТУРИСТЕРГЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

БАСТЫ ТАЛАП — ТУРИСТЕРГЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

1 просмотров

БАСТЫ ТАЛАП - ТУРИСТЕРГЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Түркістан қаласының қазынасын арттыру бағытында негізгі табыс көзінің бірі саналатын туризм саласы екені белгілі. Бұл бағытта нендей жұмыстар атқарылып жатыр, келешекте қандай табыстарға қол жеткіземіз. Осы сауал төңірегінде атқарылған жұмыстар жайында Түркістан қаласындағы «Туристік қызмет көрсету орталығы» МКК директоры Ерасыл Төлебаевпен әңгімелескен едік.
Мекеме басшысы өз сөзінде туризмді дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды соның ішінде жақында пайдалануға берілген «Визит орталығы» туралы баяндап берді. Атап айтсақ, Түркістан қаласында туристерге кешенді қызмет көрсету мақсатында туристерге қызмет көрсету орталығы «визит орталығы» ашылды. Орталықта мультимедиа, этнографиялық зал және «Қазақ хандығы» залы, кітапхана, кәдесыйлар дүкендері, кофехана, шығыс бағы, қолөнершілер орындары қарастырылған. Туристердің қала ішінде киелі орындарға қолайлы тасымалдау үшін орталықтың 10 электр көліктері қызмет атқарады. Алыс және жақын шетел туристеріне үш тілде қызмет көрсететін аудиогид құрылғылары бар. Туризмді дамыту стратегиясы шеңберінде орталық қаланың барлық көрікті және киелі жерлеріне қолжетімді бірыңғай нүктесіне айналуы, сондай-ақ туристерге арналған барлық ілеспе ақпарат пен сервистерді ұсыну орталығы болуы жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *