Батыс берген базарлық

Батыс берген базарлық

16 просмотров

Батыс берген базарлық

Киелі Түркістанның облыс орталығы атанғалы бері қала сәнін кіргізер керемет ғимараттардың бой көтергенін күнде көріп жатырмыз. Қала жыл санап емес, күн сагап өзгеруде. Жап-жаңа әсем нысандар, аспанмен бой тіреген көпқабатты үйлер, мәдени маңыздылығы жоғары құнды ескерткіштер қаланың ажарына ажар қосып жатқаны сөзсіз. Бүгінде көпшіліктің көңілінен шыққан көптеген ғимараттар жаңарған Түркістанға еліміздің әр өңірінің сыйлаған сыйлықтары. Солардың бірі, әрі бірегейі Батыс Қазақстан облысы тарту еткен «Ақжайық» музыкалық мектебі. Құрыс жұмыстары толықтай аяқталған нысан, жақын арада өнерге құмартқан жастар мен бүлдіршіндерді қабылдауға әзір.

Жуырда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев те аталмыш музыка мектебіне арнайы ат басын бұрып, ғимаратпен толықтай танысты. Екі қабатты әуез мектебі 550 орынға есептелген концерт залымен, сондай-ақ, конференция залы, оркестр, хор сыныбының кабинеттерімен толықтырылған. Және жаңа музыкалық аспаптармен де жабдықталып, балалардың қолданысына толық дайын тұр.

Сонымен қатар, өңір басшысы жас өнерпаздардың өнерін тамашалап, су жаңа музыка мектебінен талантты ұл-қыздардың түлеп шығарына сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *