БАТЫСТАН МАҚТААРАЛҒА КЕРУЕН КЕЛДІ

БАТЫСТАН МАҚТААРАЛҒА КЕРУЕН КЕЛДІ

12 просмотров

БАТЫСТАН МАҚТААРАЛҒА КЕРУЕН КЕЛДІ

Үстіміздегі айдың 26-жұлдызында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен бүгін Мақтаарал ауданына келіп тоқтады. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық-түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген.

БАТЫСТАН МАҚТААРАЛҒА КЕРУЕН КЕЛДІ


Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мен «Бірлік» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах пен «Patriot» спорт клубы, сонымен бірге «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клуб мүшелері ұйымдастыруға атсалысып, қаражат жинауға сеп болыпты.
Оралдық әріптестеріміздің игі істерін батыстық ағайын ақ жол тілеп, сапарға шығарып салған болатын. Ал, Батыстан Оңтүстікке дейін жол тартқан көмек көлігін Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал ауданындық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері күтіп алды. Түркістандықтар батыстық ағайынның көмегіне алғыс айтып, заттар қоймаға тапсырылды.
Ақмарал Ғаниқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *