БАУ-БАҚШАСЫ ЖАЙҚАЛҒАН ТҮРКІСТАН

БАУ-БАҚШАСЫ ЖАЙҚАЛҒАН ТҮРКІСТАН

55 просмотров

БАУ-БАҚШАСЫ ЖАЙҚАЛҒАН ТҮРКІСТАН

Түркістан қаласында былтыр отырғызылған алма ағаштары жеміс бере бастады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы бау — бақшаға бөлеген ерекше саябақтарды аралады. Облыс әкімінің тапсырмасымен саябақтар мен орталық көшелердің бойына жеміс ағаштары отырғызылған болатын. Жасыл желекке бөленген көне қалада көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

БАУ-БАҚШАСЫ ЖАЙҚАЛҒАН ТҮРКІСТАН

Аймақ басшысы Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, ашық стадион, цифрлық кеңсе мен Бассейні бар спорт кешені, қалалық саябақтардағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жобалардың іске асыру барысы туралы Өмірзақ Естайұлына Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов баяндады.

Облыс әкімі құрылысы аяқталуға таяған нысандарынды аралап, мердігер компаниялардың өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген бірқатар жаңа нысанды алдағы күзде пайдалануға тапсыру көзделген.

Басқармалар ғимаратының құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, жиһаздары орналастыруда. Департаменттер ғимаратының сырты абаттандырылып, қасбетіне ою-өрнек орнатылуда. Конгресс орталығында да  жұмыс қызу жүріп жатыр. Құрылысқа 300-дей жұмысшы жұмылдырылған. Рухани-мәдени орталығындағы жаңа нысандардың қасбеті қапталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *