БАУЫРЖАН БАЙБЕК КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАПСЫРДЫ

БАУЫРЖАН БАЙБЕК КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАПСЫРДЫ

5 просмотров

БАУЫРЖАН БАЙБЕК КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАПСЫРДЫ

“NurOtan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында ізгі шараға қатысты. Аудандағы Қазыбек би ауылдық округінен аз қамтамасыз етілген, облыс аумағында жүргізіліп жатқан «Қамқорлық» бағдарламасына ауданнан енгізілген көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін табыстап, баспананың бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
“Елдегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, баспана салуда үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз қиналған қандасымызға қолұшын созып, сүрінсе демеу болған халықпыз. Тәрбиеміз солай. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға дарыған бұл қасиетіміз ешқашан жоғалмақ емес” деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.
Айта кетейік, өткен жылы ауданның құрылыс саласына 4,8 млрд теңге қаралып, 2 мектеп қолданысқа берілсе, тағы 7 мектеп пен 2 тұрғын үй ағымдағы жылға өтпелі. Аталмыш салаға биылғы жылы тағы 842,4 млн теңге қарастырылып, қосымша 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделіп отыр.
Сонымен қатар, өткен жылы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекенінде құны 76,8 млн теңгені құрайтын медицина мен әлеуметтік салаларда жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, аудандық «Нұғман» орталық мешітінің жанынан құрылған «Баспанаға жол» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен Жетісай қаласынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын 3 бөлмелі 3 баспана берілген.
Бүгінгі кілті тапсырылып отырған қос баспананың да құрылысы “Баспанаға жол” қайырымдылық қорының бастамасымен жүргізілген. Биылғы жылы аталған қоғамдық қор арқылы аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 96 млн теңгені құрайтын 12 баспананы тапсыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *