Бекжігіт Сердәлі-60 жаста

Бекжігіт Сердәлі-60 жаста

4 просмотров

Бекжігіт Сердәлі-60 жаста

Түркістан қаласында  белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды.

Шығармашылық кешке келген  құрметті қонақтар арнайы құттықтау хаттарын  тапсырып, сазгерге сый-сияпат көрсетті. Жылы лебіз соңы әрі қарай Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты  «Оңтүстік- фильм» мекемесі әзірлеген «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты 45 минуттық фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Бекжігіт Сердәлі тек журналистік не филологиялық салада ғана емес, жаратылыстану ғылымы мен мәдениет саласында да аянбай тер төгіп келеді. Ол композитор, профессор, журналист, жастар сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Түркістан және Кентау қалаларының құрметті азаматы.

Жоғары оқу орнының 2010 жылғы үздік оқытушысы, халықаралық ақпараттандыру академиясының, аймақтық менеджмент академиясының академигі, Ресей жаратылыстану академиясының, халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры, аймақтық менеджмент академиясының құрметті ғылым докторы.

100-ден астам ғылыми мақалалардың, 20-дан астам оқу құралдарының авторы. «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері»; Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» орденімен; «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «За заслуги в культуре и искусстве», «За добросовестный труд» медальдарымен; «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағымен марапатталған. Бекжігіт Сердәлінің «Жас жұбайлар», «Неге, неге», «Ризмын», «Ауыл жатыр той жасап», «Түркістаным – Тұраным», «Текемет», «Бесік» секілді көптеген әндері халық аузында жүр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *