БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ

БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ

3 просмотров

БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ

         Бесік -сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақи тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік , қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жақтан бесікке бала, немере, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.

         Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай  жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударғаны белдігі. Халықтың мақсат-мүддесінен, арман-тілегінен, ізгі ойларынан, талап-тілектерінен пайда болған тәрбие нақыштары  – баршаға ортақ, оларды тәрбиелеудегі бірден-бір баға жетпес құрал болмақ. Соның ішінде біздің айтқалы отырғанымыз — ұлттық тәрбиенің даму үрдісінің, яғни қалыптасқан ата-баба тәлімінің бүгінгі  өскелең  ұрпаққа берері  Қазақ халқының өмір салтындағы әдет-ғұрыптары мен рухани үрдісіндегі сан қилы болмыстары қайран қалдыратын құбылыстарға толы. Қазақ халқының сонау түркі заманынан күні бүгінге дейін келе жатқан мұрасы Ұлттық тәрбие- халқымыздың ғасырлар  бойы  болашағын қалыптастырған   тәлімдік жүйе. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Мұражайда   атқарылып  жатқан   жұмыстардың   нәтижесінде  тамашалауға  келген  әр  бір   жас   халқымыздың  рухани бастауына терең бойлап, туған елінің, ұлтының өзіндік ерекшелігін аялап,оны  сақтауға үйренері  анық. Жас ұрпақ мұражайларға келіп, көп дүниені танып біліп жатады. Бала туылғаннан бесікке салу ата дәстүріміз. [1, 229 б] Халқымыздың “Есік көргенді емес, бесік көргенді ал” «Ел боламын десең бесігіңді түзе», «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген нақыл сөздің жаны бар.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.

Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өйткені адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан кіреді, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді, күллі парасат, тағылым отбасынан өрбиді деп ұғады. Сондықтан қазақ салтында Отбасының тәлім-тәрбиесі ерекше дәстүр. Сол отбасының ұйытқысы — әке мен ана. Әке – Отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал  Ана – Отты өшірмей, маздатып жағушы, жылылық иесі. Осы екі киеден қуат алған ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін айбынды азаматқа айналады. Ата-ананың мұраты — өрендерінің жүрегіне ізгіліктің, салауаттың таза, мөлдір, тұнық қалпымен дамуы.

Халқымызда «Шілде күзет», «Шілдехана», «бесік салу», «ат қою», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндетке отырғызу»,  «тіл ашар», «тоқым қағу», сияқты толып жатқан ырым салттар бұл мәселенің өзінше күрделі құрылым екендігін танытады. Ал баланы бағып-қағу, түрлі ауру сырқаудан емдеудің халықтың әдіс-тәсілдері өзінше жеке бір саланы құрайды.

         Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Бесік жырларының бүкіл поэтикалық құрылымның бүлдіршіндер табиғатына  лайықталғандықтан, алғашқы  кезде, бөбек құлағына сөз бен саздың ырғағын сіңіріп, кейіннен таза тәрбиелік  қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн.

         Баланы бесікке салу рәсімі қоғам арасына арнайы тойланып, түрлі әдет-ғұрып салттары, ырым жоралғылар  жасалады. Бесік баланы тамақтандырып, бағып-қағуға ғана ыңғайлы емес, оны әнмен тербетіп ойнатып, көңілін алдап, аялап,  ардақтауға да қолайлы. Бесік сөзінің көне қолданыстарын көне жазба  ескерткіштерінен бастап жазба деректердің барлығын жолықтыруға болады. Бұдан қазіргі  түркі тектес халықтар ішінде сәл ғана өзгешеліктермен қолданылатын «бесік» сөзі бұл халықтар ұғымында  ертеден бар, бесікті күнделікті тұрмысында  көне заманда-ақ пайдаланған деп түюге  әбден болады. Қазақ бесігінің  жетістігімен қоса, жетілдіретін тұсының бар екендігін кезінде М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» кітабында  жазған. Жалпы қазақ бесігін жетілдіріп, күнделікті  өмірге ендіру мәселесі кешенді түрде күн тәртібіне қойылуы тиіс. Бесік ешқашанда құндылығын жоймайды.

Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, бүгінгі ұрпақ та дәстүрден жаңылмай салт дәстүрдің ізімен «бесік тойын» тойлап келеді. Бесіктің шығу төркіні ежелден келе жатқаны баршамызға аян. Көшпелі халық алып жүруіне де ыңғайлы, әрі жеңіл етіп жасалатын болған. Ұрпақ тәрбиелеуде ерекше мән берген ата-бабамыз баланың қасиетті де құтты мекеніне балаған.  Бесікке бөлек тек қазаққа ғана тән емес, өзге халықтарда да бесікке бала бөлеу дәстүрі бар.

Түркістан облыстық тарихи-мәдени-этноорталықтың қорында сақтаулы жәдігерлерді насихаттау барысында көптеген зерттеулер жүргізілуде. Осындай құнды жәдігерлерімізді көпшілікке жеткізу мұражай қызметкерлері біздердің басты борышымыз деп білемін. Ата баба мұраларын жас ұрпаққа өзгеріссіз жеткізу мақсатында іс-шаралар, көрмелер өткізілуде. Бесік бұл тәрбие, тазалық, дәстүр үндестігі. Халықтық педагогикадан нәр алаған баланы ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлты мен ұлты мен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару ата-ананың басты мақсаты болуға тиіс.

Мұражайда  тұрған  әрбір дүние  ұлттық тәрбие берудің қайнар  көзі. Ертеректе аталарымыз    баларының өмірі мағыналы болсын деп ұлы адамдардың қасына қосып , солардың  аталы сөздерін тыңдап өсу арқылы тәлім-тәрбие үйренуге ықпал еткен.   Қазіргі таңда  халыққа, яғни ұрпаққа ұлттық тәрбиені қалай береміз, оны қалай ұйымдастырса болады  десек   мәдениет  орындарының,   мұражайлардың   жұмыстарын  жандандыру барысында  тың ізденістерге  соны серпін  беруіміз  керек. 

Күлзия Құлмаханбетова,

Түркістан облысы

Тарихи-мәдени-этнографиялық орталық қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *