БЕЗГЕК АУРУЫ ТУРАЛЫ

БЕЗГЕК АУРУЫ ТУРАЛЫ

183 просмотров

БЕЗГЕК АУРУЫ ТУРАЛЫ

Безгек ауруы науқас адамнан сау адамға безгек таратушы маса арқылы жұғатын ауру. Ол тропикалық елдерде кеңінен таралған індет. Ауырған кезде жалпы дімкәстік, дене қызуы қайта-қайта көтеріліп, соңынан қалтырау байқалады, ас қорыту, жүйке және де басқа жүйелерінің жұмысы бұзылады, ал асқынған жағдайда өлімге соқтырады. Індеттің алдын алу туралы Безгекпен ауырмау мақсатында безгекке қарсы дәрілер қабылдап, масаның шағуынан сақтану қажет. Тропикалық елдерге баратын әрбір жолаушы безгекті жұқтыру қауіпі, безгекке қарсы дәрілерді қабылдау қажеттілігі туралы ақыл-кеңес алу керек. Өзімен бірге жәндіктерден қорғану құралдарын – крем, лосьон, аэрозоль түріндегі репелленттер мен оларды жоятын «Дихлофос», «Rade» тәрізді аэрозольды баллондарын алып жүрген дұрыс. Барған елде дәрігермен безгекке қарсы химиопрофилактиканы қабылдау қажеттілігі, мерзімі, қандай дәрі және оның дозасы туралы кеңесу қажет. Безгектен қолайсыз елде жүрген барлық уақыт бойы безгекке қарсы дәріні тек жүйелі түрде қабылдау індеттен сақтайтынын есіңізде болсын! Кейбір жағдайда безгекке қарсы дәріні қабылдағанда да ауруыңыз мүмкін. Сондықтан әлсізденіп, дене қызуы көтеріліп, бас ауырған жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Науқастың қанын міндетті зертханалық түрде зерттеп, диагнозын дұрыс қоюға болатынын есте сақтаңыз. Безгек таратушы масалар адамға кешке күн батарда, ерте таңертеңде шабуылдайды. Тұрғын үйлерде есік-терезелерді торлап, енген масаларды аэрозольдер көмегімен жою қажет. Ұйықтарда масаханалар қолданған құба-құп. Дененің ашық жерлеріне репеллентер жағу қажет. Безгектен қолайсыз елден келгенде безгекке қарсы дәріні қабылдауды тағы 4 апта бойы жалғастыру қажет, өйткені осы мерзімде ауруыңыз ықтимал, әсіресе қатерлі тропикалық безгек түрімен. Және тағы есте сақтайтын жайт – безгектің басқа түрін жұқтырған жағдайда одан да кеш мерзімде белгілері шығуы мүмкін, сондықтан кез келген ауруда дәрігерге қаралғанда соңғы 2 жылда қай елдерде болғанын хабарлау міндетті. Безгектің алдын алу ережелерін қатаң сақтағанда ғана ауырмауыңыз мүмкін! Түркістан қалалық ҚДСБ паразитарлық және трансмиссивтік ауруларды қадағалау эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы А.Р. Кузьмина

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *