Білім алушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалау жүйесіндегі жаңалықтар

Білім алушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалау жүйесіндегі жаңалықтар

412 просмотров

Білім алушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалау жүйесіндегі жаңалықтар

 

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2021 жылдың қаңтарынан бастап «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енген өзгерістерке орай оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) өткізілмейтінін хабарлайды.

Енді білім алушылардың функционалдық сауаттылығына бағытталған Білім алушылардың білім беру жестістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) жүргізілетін болады.

ББЖМ – ны жүргізу тетігі Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларында реттелген (ҚР БҒМ 2021 жылы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы).

Білім беру ұйымдары мыналарға басты назар аударулары қажет:

1) ББЖМ компьютерлік тестілеу түрінде бастауыш және негізгі орта, техникалық және кәсіптік білімінің оқушылары арасында өтеді;

2) ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушылар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды;

3) ББЖМ орта білім беруде функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікк деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайда білім мен дағдыларды қолдану, сондай-ақ талдамалық және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған;

4) Техникалық және кәсіптік білім беруде (ТжКБ) ББЖМ жалпы білім беру пәндерін немесе кәсіптік модульдерді меңгеру деңгейін бағалауға, сондай-ақ білім алушыларда жалпы және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру деңгейін өлшеуге бағытталған. Тиісінше тест тапсырмалары жалпы білім беру пәндері мен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес оқыту бейіні есепке алынған пәндер бойынша құрастырылады;

5) ББЖМ мақсатының бірі — білім беру ұйымдарынан кері байланыс алу. ББЖМ кешенді талдауының қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өңірлер мен нақты ұйымдар бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейтін болады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей білім беру жетістіктерінің мониторингісі (АҚШ, Англия, Қытай, Австрия) барлық дамыған елдерде өтеді. Мониторингтер оқу процесінің жағдайы туралы сенімді де анық ақпарат алу үшін, оқыту нәтижелеріне әсер ететін факторлар анықтап, елдегі білім беруді жақсартудың шараларын әзірлеу үшін жүргізіледі.

Қазақстанда ББЖМ-ны енгізу сапаны қамтамасыз етудің және сырттай бағалаудың халықаралық практикасын ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін критериалды талдау жасауға мүмкіндік береді.

Тестілеу қорытындысы жаңартылған мазмұн бойынша оқу бағдарламасын іске асыруды қадағалау, білім беру ұйымдарын одан әрі дамыту үшін қажетті ақпаратты алу және мектептер мен колледждерде оқу процесін жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

                                                                                                              С.Пахымбет,

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.