БІЛІМ КҮНІНДЕ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН Қ.А.ЯСАУИ» БЕЙНЕ-ДӘРІСІ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

БІЛІМ КҮНІНДЕ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН Қ.А.ЯСАУИ» БЕЙНЕ-ДӘРІСІ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

11 просмотров

БІЛІМ КҮНІНДЕ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН Қ.А.ЯСАУИ» БЕЙНЕ-ДӘРІСІ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен “1 қыркүйек – Білім күніне” орай, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында онлайн форматта жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті.

Игі шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың өне бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім сынды құны биік қасиеттерді дарыту және рухани болмысын бекіте отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыру.

Жалпыреспубликаны қамтыған «Адалдық сағатының» бұл кезекті дәрісі Ұлы Тұран даласының ХІІ ғасырдағы дана ойшылы Қ.А.Ясауи бабамыздың «Диуани хикмет» атты елеулі еңбегіне негізделе отырып, ел жастарының назарына ұсынылды.

Бейне-дәрістер арқылы ел аумағында орналасқан барлық оқу орындарының оқушылары мен студенттері бүкіл түркі жұртшылығын адалдық пен адамгершілікке дәріптеп, әділетті тұлға болуға үндеген көрнекті ақынның асыл мұрасымен жіті танысып, жаңа оқу жылының алғашқы күнінде парасаттылық құндылығынан азық алуға мүмкіндік алуда.

Сондай-ақ, қос тілде әзірленген бейне-сабақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

«Адалдық сағатының» бұл кезекті бейне-дәрісін әзірлеген Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті білім беру саласы – ел ертеңін қалыптастыруда айрықша рөлге ие екендігін және жемқорлық көріністері жиі ұшырасатын саланың бірі екендігін назарға ала отырып, бүгінгі күні облысқа қарасты 903 мектеп пен 68 кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарында және 2 жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектептері» сынды бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді.

Айта кетсек, ел жастарын әділдікке бастайтын «Адалдық сағаты» 2019 жылдың 2 қыркүйек күнінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін ұлы кемеңгерлердің даналық ойларына негізделе отырып, дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді.

Бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=3p1TwYI9-fg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *