БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША 3 АЛТЫННЫҢ ЕКЕУІН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ИЕЛЕНГЕН

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША 3 АЛТЫННЫҢ ЕКЕУІН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ИЕЛЕНГЕН

40 просмотров

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША 3 АЛТЫННЫҢ ЕКЕУІН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ИЕЛЕНГЕН

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев 11.02.-14.02.2020 жылдары Алматы қаласында өткен ғылымии жобалар конурсында жеңіс тұғырынан көрініп жүлделі орын алған «Жетісай ауданының мамандырылған «Дарын мектеп- интернатының» жас өрендерін ата-аналарымен бірге қабылдап құттықтап сый-сияпат жасады.
» Осы заманға лайықты білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету жолында «Дарын» мектеп интернатының үлесі орасан зор. Еліміздің білікті де білімді шәкірттерін тәрбилеу жолында аянбай еңбек ете беріңіздер, «Дарын»мектебі ұжымын осынау үлкен жеңісімен құттықтай отырып жас дарындардың ел азаматы болатынына сенеміз » деді аудан әкімі.
Қосымша айта кететін болсақ республикалық ғылыми жобалар конкурсына 11-сынып оқушылары Маханбетов Болат пен Тұрсымұрат Даниял экономика секциясы бойынша 1–ші дәрежелі дипломмен мен алтын медальдың иегерлері атанған. Мамаразаков Бақдәулет қолданбалы математика секциясы бойынша грамотаға ие болса. Осы шәкірттерге жетекшілік еткен математика пәнінің мұғалімі Уразбаева Айгүл Назарқұлқызы да алғыс хатпен марапатталған.
Түркістан облысы бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсынан 3 алтын медальдың 2-уін Жетісай ауданы, «Жетісай ауданының мамандырылған «Дарын мектеп- интернаты» КММ-нің оқушылары иеленген. Ал, Республика бойынша Түркістан облысы үздік бестіктің қатарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *