Білім саласына басымдық берілді

Білім саласына басымдық берілді

2 просмотров

Білім саласына басымдық берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Биылғы Жолдауда ерекше жағдайда басталғалы отырған жаңа оқу жылына дайындық жайлы да өткір мәселе қойылды. Шын мәнісінде, осы күнге дейін бірыңғай оқу платформасының жоқ екендігін айтып, олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Бұл мектеп қабырғасында ғана емес, орта арнауы және жоғары оқу орындарында да бар мәселе. Салалық министрлік бұл тұрғыда көпшілікке қолжетімді әрі жеңіл пайдаланылатын платформа жасап, сапалы білім алуға кедергілер болмауы қажет деп ойлаймын. Мемлекет басшысы өте орынды әрі дер кезінде тапсырды деп есептеймін.

Президент атап өткендей, баршамыз өз өзімізді дамытуға күш салуымыз керекпіз. Замана сынағы бізден мықты күш жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Еліміздің болашағы әрбіріміздің әрекетімізге байланысты болмақ.

Ақмарал Батырбекова,

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *