БІРІКСЕК ҚАРСЫ ТҰРА АЛАМЫЗ

БІРІКСЕК ҚАРСЫ ТҰРА АЛАМЫЗ

11 просмотров

БІРІКСЕК ҚАРСЫ ТҰРА АЛАМЫЗ

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жолдады. Үндеуде президент пандемия кезінде Қазақстан ұшырасқан мәселелер, елде қалыптасқан ахуал жөнінде мәлімдеп, ел медицинасы пандемияға дайын болмағанын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сенсек, медицина саласындағы бұл ахуал әлі де тергеп-тексерілмек.

«Індетпен күрестің нәтижелі болуы ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне баланысты. Бұл өте қауіпті, батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ», – деп мәлімдеді. Президент.

Расында да бұл індет елді біраз әбігерге салды. Десе де дәл қазір еңсені түсіруге болмайтын уақыт. Алып-қашпа әңгімелерге еріп, елді дүрліктіруге болмайды. Үкімет індетпен күрестің барлық шараларын қарастыруда. Індетпен бүкіл адамзат күресуде. Сондықтан да қазір ел тұрғындарын сабырлы болуға шақырар едім. Сабыр мен бірліктің арқасында ғана қауіпті індетпен күрес өз натижесін бермек.

 Бауыржан НҰРМАНОВ,

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *