Бірлігі бекем ел мәңгілік жасайды

Бірлігі бекем ел мәңгілік жасайды

6 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет отырысында көтерген мәселелер мен білдірген пікірлері орынды екенін айтқым келеді. Қазіргі таңда ел аумағында ауыр дертке байланысты туындаған мәселелерден бастап, бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ екенін, біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн екенін айтып өтті.
Еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Шынында, қазір біздің еліміз ғана емес әлем халқы тығырыққа тірелгендей күй кешудеміз.  Мынау алапат залал да жағамыздан алып, алқымымызды қысып тұрғандай. Сондықтан, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойын түсініп оқып, санамызға сіңіргеніміз абзал. Бірлігі бекем ел мәңгілік жасайды. Қиын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып елдің болашағы үшін мейлінше сақтық шараларын қатаң ұстануыыз керек.

Шора Исмолдаев,
Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *