БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БІРЛІКТІКТЕР

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БІРЛІКТІКТЕР

10 просмотров

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БІРЛІКТІКТЕР

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі аумағында 9 адам жұмыс істейтін 9 дүкен, 3 адам қызмет істейтін «Темірхан» ЖШС жанар-жағар май құю бекеті, 2 адамды жұмыспен қамтып отырған бір доңғалақтарды желімдеу орталығы, 3 адам жұмыс істейтін шаш қысқарту бекеттері және 50-ден астам азамат сауда-саттықпен айналысатын «Сәрсенбі» азық-түлік, киім-кешек, көкөніс пен тамақ өнімдері базары бар.

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БІРЛІКТІКТЕР


Сондай-ақ, Бірлік ауылдық округіне қарасты кірпіш зауыты 18, жіп шығаратын зауыт – 12 және асфальт зауыты 12 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы округ бойынша жүзге тарта адам жұмыспен қамтылған.
Одан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021» бағдарламасының екінші бағыты аясында кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес мал басын көбейту, техника сатып алу, жеке кәсібін ашу мақсатында өз ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге ұзақ мерзімге 12 азамат шағын несие алуға ұсынылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *