Бірлік - болашаққа бастайды

Бірлік — болашаққа бастайды

4 просмотров

Бірлік - болашаққа бастайды

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өткізілді. Барлығымызға мәлім Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздік жылдары 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Ассамблея барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Біздің ауданның өзінде 39-дан астам этнос өкілдері достықта өмір сүріп келеді. Олардың барлығы бүгінгі саясатқа дән риза. Этносаралық татулық пен ауызбірліктің баянды болуында Ассамблеяның маңызы зор.

Г.Раимкулов,

Сайрам аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *