Биылғы өнім былтырғыдан жоғары болмақ

Биылғы өнім былтырғыдан жоғары болмақ

25 просмотров

Биылғы өнім былтырғыдан жоғары болмақ


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларымен және мәслихат депутаттарымен бірге Қазығұрт ауданында егістік алқаптарды аралап, астық ору науқанының барысын бақылады.
Облыс әкімі алдымен Қ.Әбдәлиев ауылдық округіндегі «Тілеуберді» шаруа қожалығында болды. Жиырма жылдан астам уақыт бойы егін шаруашылығымен айналысып келе жатқан шаруа қожалығы 1500 гектарға жуық алқапқа бидай, арпа, мақсары мен жоңышқа еккен. Науқанға 7 комбайн мен 15 шаруа жұмылдырылған. Былтыр әр гектарынан 20 центнер астық алынған болса, биылғы өнім одан жоғары болады деп күтілуде.
«Биыл жауын-шашын мол болып, егін бітік шықты. Елімізде астық қорының жеткілікті болуы аса маңызды. Халықты өз өнімімізбен қамтамасыз етуіміз қажет. Сол себепті аянбай еңбек етіңіздер. Ауданда ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға барынша қолдау көрсетіледі» деді өңір басшысы.
Өмірзақ Естайұлы бұдан соң Қызылқия елді мекенінде үй іргесінде жеке қосалқы шаруашылығын дөңгелетіп отырған шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Диқандар тамшылатып суару әдісін тиімді пайдалана отырып, тәтті бұрыш өсірумен айналысады. Жылдық өнімдері 40 тоннаны құрайды. Қожалық егесі жобаға 5 млн. теңге құйған. Еңбекқор диқан ауыл тұрғындарына да пайдасын тигізіп, оларды жұмыспен қамтуда.
Жалпы, биыл Қазығұрт ауданында шаруалар 44 мың 221 гектарға егін еккен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *