Біз қазір қос бағытта жұмыс жасап жатырмыз

Біз қазір қос бағытта жұмыс жасап жатырмыз

6 просмотров

Біз қазір қос бағытта жұмыс жасап жатырмыз

Төтеннен келген індетке байланысты өткен оқу жылының соңғы тоқсаны қашықтықтан оқытылғаны, оның тек оқушылар мен ата-аналарға ғана емес, ұстаздар қауымына да бірқатар қиындықтар туғызғаны рас. Себебі, жағдайдың мұндай боларын ешкім жоспарлаған жоқ. Дайындық та болмады. Сондықтан алғашқы күндері біршама қиындықтар туындады. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде уақыт өте бәрі бір ізге түсті. Мұғалімдер ата-аналармен байланыс жасай отырып, оқушылардың қашықтықтан оқыту сабақтарына үзбей қатысуына ықпал етті. Оқу бағдарламасын да тиімді пайдаланып, ұстаздар өз қызметтерін лайықты деңгейде атқарып шықты. Енді алдағы уақытта қалай боларын қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Яғни сол уақытта жағдай қандай болады, санитарлық дәрігерлер қандай шешім қабылдайды, соған байланысты.

Дегенмен, біз бәріне дайын болуымыз қажет. Қазіргі таңда 2 нұсқа қарастырылып жатыр. Егер жағдай тұрақталып, штаттық оқу жүйесіне көшетін болсақ, оқушылар мектепке жіберіледі. Бірақ, санитариялық талаптар қатаң сақталуы қажет. Ал, бүгінгі жағдай жалғасатын болса, алғашқы тоқсан да қашықтықтан оқытылатын болады. Біз қазір қос бағытта жұмыс жасап отырмыз. Яғни қай нұсқа таңдалса да біз соған дайын болуымыз керек.

Ақмарал Батырбекова,

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *