Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

5 просмотров

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Азияның рухани орталығына айналған, қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның өткені мен бүгіні көрген адамды таң қалдырмай қоймайды. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіріліп, Оңтүстік Қазақстан облысы «Түркістан облысы» деп аталған еді. Осы өзгеріс Түркістанды жан – жағынан түрлендіріп, тарих пен мәдениеттің қайнаған ортасын одан сайын гүлдендірді. Бүгін біз сіздерге осы түрленген Түркістанның көрсе көз тоятын, жүрегіңді тыныштыққа бөлейтін 7 кереметін жіпке тізген моншақтай етпекпіз, otau.info


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи қабірінің басына тұрғызылған бұл кесененің қойнауы қазынаға толы. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Салынғанына 500 жылдан асса да, бір қышы жарылған, сынған жоқ. Қабырғалардың жарылуы жер сілкінулерінен болыпты.
Сондай берік қыштарды қайдан әкеліп, қалай салды десеңіз, қыштарды Түркістаннан отыз шақырым Сауран деген қыстақта жасап өртеген, Саураннан мешітке дейін үш қатар адам тұрып, кірпіштерін қолдан – қолға әперіп тұрған. Отыз шақырым жерге үш адамнан трғанда, неше адам керек екенін есептей беріңіз.

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Тайқазан. Қожа Ахмет мазарында тұрған қазан жеті заттан: алтын, күміс, құм, тас, топырақ, т.б жасалған.
Қазанның қасиеттілігі сондай оған біреу шын ықыласпен қой апарса толады, енді біреу мақтанышпен түйе апарып сойдса да алмайды. Оған салынған дәм де от жақпай пісетін болған екен.
Тайқазанның түбін көру мүмкін емес болған екен. Ол да әулиенің керметіне байланысты болған. әудиенің қаламаған пендесі қанша мойнын созып қараса, соншалық биіктей түсетін болған. Ал, сүйген пендесі қараса, кішірейіп, ішіне аттап түсуге де болады.

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Шипа су. Түркістан қаласында орналасқан бұл шипа судың қасиеті жайлы айтпай кету мүмкін емес. Емдік қасиеті бар судың Удмуртск қаласындағы Ново-Ижевскии мен Украинадағы «Трусковец» суының құрамымен сәйкес келетіні дәлелденген. Судың құрамындағы йод, темір, мангий, калций, хлор, тұз адам денсаулығына өте пайдалы. Өт, асқазан, гастрит, ішек жолдары, зо, қант диабеті, аяқ-қол буындарының қақсағаны мен суықты кетіреді. Жер астынан шығатын судың бірқалыпты температурада жып – жылы болып тұратыны да таңқаларлық жағдай. Сондай – ақ, бұл шипа суға жергілікті тұрғындар денелеріне бөртпе немесе жарақаттардан қалған ізден құтылу үшін де барады.

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Вокзал. Түркістанның 4 қақпасының бірі – оның Темір жол вокзалы. 20 ғасыр басында Орынбор-Ташкент темір жолы салынғалы тарихтан белгілі. Нақтылай айтатын болсақ, 1904 жылы бой көтерген. Вокзалдың ішкі және сыртқа әспетіне қарап, ескі ғимараттардың қатарына қоса алмайсыз. Арада қанша уақыт өтсе де, шынайы қоштасулар мен қауышулардың куәгері болған темір жол вокзалының тіршілігі тоқтамай, қала көркіне көрік қосып тұрғандай.

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Жеміс – жидек. Оңтүстік өлкесі өзге өлкелермен салыстырғанда, жеміс – жидекке бай өлке. Десе де, дәл Түркістан сияқты көше жағалай өсіп тұрған жеміс – жидектерді басқа қалалардан кездестірмейсіз. Кесене бағында, университет алаңдарында жаз бойы дәмі тіл үйіретін сары, қара өріктерден дәм тата аласыз. Бұл жаңа келген туристер үшін де, студенттер мен қала тұрғындары үшін де қолжетімді. Тіпті, көше бойы жағалай өсіп тұрған жемістерді үзіп жеп жүре аласыз.

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Шығыс үлгісіндегі ғимараттар. Алғаш келген адам үшін қала ішінде шығыстық үлгідегі ғимараттар таңсық көрінетіні әрі тамсанып, қызығатыны жасырын емес. Облыс болғалы дәл осы үрдіс одан әрі жалғасын тауып, жол бойындағы үйлерге «Жібек жолы» бойындағы керуеннің суреттері салынған. Сондай – ақ, шығыс үлгісіндегі шайханаларды да кезіктіруге болады.

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Көше тағамдары. Ең дәмді кәуап, ең дәмді палау, ең дәмді әсіп, ең дәмді тандыр самса, сондай ақ «мұздай көженің» ең – ең таңдаулы дәмі осы Түркістанда. Көше бойы бұрқыраған тағам иісінен тәбетіңіз ашылып,ыстық күнде шөл қандырар көжені ішсеңіз көңіліңіз тоқ, уайымыңыз жоқ болары сөзсіз! Бағасы да арзан, дәмі де ерекше бұл тағамдардың Түркістандағы дайындалу әдістері де ерекше. Әрине, қалай әзірленетіні – құпия. Қалтаңызда шамамен 500 теңге болса, самса мен көже, немесе кәуап пен әсіптің біреуін таңдап, ол тағамды да көжемен ішсеңіз болады. Қалтаңызға үнем, асқазаныңызға мереке жасағыңыз келсе, Түркістанның көше тағамдарынан міндетті түрде дәм татыңыз!

Біз білмейтін Түркістанның 7 кереметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *