«БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ»

«БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ»

151 просмотров

«БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ»

Шолаққорған ауылында «Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының» ұйытқы болуымен Созақ аудандық тілдерді дамыту жəне мəдениет бөлімімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындары арасында «Асар — бірлікке қадам» атты ісшара негізінде игі іс жасалды . Аталған шара аясында Шолаққорған ауылындағы «Балтабұлақ» бұлағының бойына тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпыхалықтық сенбілік асар ұйымдастырылды . Шарада ауыл тұрғындары бұлақ көзін ашып, суды қоқыстардан тазартып туған өлкенің таза болуына белсене атсалысты . Асар барысында ауыл ақсақалы Нұрсейіт Жасұланов сөз сөйлеп, елді бірлікке, игі істің басында болуға шақырды. Ауыл тұрғындары қазақ халқының ежелгі заманнан бүгінге дейін сақталған Асар дəстүрін жалғастыра отырып, көпшіліктің көмегімен бұлақ бойын аз уақытта тазалап шықты. Осы шара барысында өңір тұрғындары туған өлкені таза ұстау мақсатында, әрі жастарға өнеге- аманат ретінде осындай шараны жыл сайын өткізіп отыруды уағдаласып мерекелік көңіл күймен тарқасты. .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *