"ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС"

«ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС»

4 просмотров

"ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС"

Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазіргі таңда 23 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетуде. Аудандық штаб жанынан құрылған 3 мобильді топ дәріхана жұмыстарына мониторинг жасап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Осы күні Түркістан облысы аумағында тұтынушылар тарапынан ең көп сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің атауы мен шектік бағасы көрсетілген тізілім жасалған. Тұрғындарға тізмде көрсетілген дәрі дәрмектердің бағасы шектік бағадан асқан жағдайда 109 ,102 және WhatsApp желісі арқылы +7 776 837 09 00 +7 702 000 24 94 нөмірлеріне хабарлау қажеттігі ескертілуде.

 Сонымен қатар, аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы жұмысшы топтар құрылып, тапшылығы ықтимал дәрілердің тізімі жасалатынын, сұраныс көлемін зерттеу арқылы дәрі тапшылығын болдырмау шаралары атқарылатынын атап өтті.  Қиын сәтте ауадан ақша тауып дәрілердің бағасын негізсіз көтерудің жауапкершілігі жөнінде тереңінен айтылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *