ДӘРІХАНА БАҒАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

ДӘРІХАНА БАҒАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

3 просмотров

ДӘРІХАНА БАҒАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Халық мемлекеттің басты байлығы. Елімізді дендеген дерт халықты есеңгіретті. Мемлекетімізде ел басына күн туған шақта дәрі-дәрмекті қолдан қымбаттатқандар да анықталды. Осындай олқылықтың орын алмасы үшін Түркістандағы дәріханаларда дәрі бағаларының шекті бағамен тауар сатылуын мобильді топ мүшелері бақылау жасап тұрады. Одан өзге, дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін 11 шілде күні Алматы қаласынан 136 түрлі 242 қорап және 15 шілде күні 110 түрлі 140 қорап дәрінің алғашқы толқыны келді. Оның ішінде: антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілермен толығып, келісімге келген дәріхана сөрелеріне орналастырылып, тек шекті бағадан асырмай сатылуда. Алдағы күндерде де сұраныс бойынша жеткізілетін болады. Тұрғындарда дәрі-дәрмек тапшылығы болмас үшін және кәсіпкерлерге қолдау ретінде тез жеткізу үшін қала әкімдігі логистикамен қамтамасыз етуде. Елдің амандығы мен халық денсаулығы алдыңғы қатарда екендігін атқарылып жатқан шаруалардан байқауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *