ДӘРІХАНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

ДӘРІХАНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

21 просмотров

ДӘРІХАНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

06.07.2020 жылы фейсбук әлеуметтік желісінде «Завышают цены в аптеках Сарыагаша» тақырыбымен жарияланған ақпаратқа сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев бастаған аудандық мобильді топ, құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы А.Анарбаев, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы төрағасы А.Мұсабеков, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, аудан әкімдігінің қызметкерлерімен бірге ақпаратта аты аталған дәріханаға барып, дәріхана иесі мен сатушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмыстары барысында тәртіпке бағынбағандарға шара қолданылды.

Атап айтар болсақ Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан тауарды чексіз сатқаны үшін дәріхана иесіне айыппұл салынды. Ал, кәсіпкерлік палатасы тарапынан ескерту жасалды. Сондай-ақ, аудандағы басқа да дәріханаларға мониторинг жүргізіліп, бағаны көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *