
Түркістан қаласындағы кезекті нысан пайдалануға берілуге жақын. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс болып жатырған жердерді аралап, олардың жұмыс барысымен танысты. Әсем ғимараттар құрылысын мойнына алған мердігер компанияларға кестеден ауытқымай, белгіленген уақытында табыс етуді тапсырды.
Басшы болған осындай нысандардың бірі әкімшілік-іскерлік орталығындағы департаменттер ғимараты болды. Заманауи стильде салынған су жаңа нысан өзінің әсемдігімен, әдемілігімен қала ажарына-ажар қосып тұр. Мекеменің жиһаздары орналастырылып, соңғы әсемдік жұмыстары ғана жасалып жатыр. Жақын күндері пайдалануға беріліп, қызметін бастайтын болады. Нысан құрылысында 150 жұмысшы екі ауысым бойынша жұмыс жасап, белгіленген мезгілде сапалы салынған ғимаратты халыққа ұсынбақ.
Жаңарған Түркістандағы жақсы жаңалықтар легі бір сәтке де азайған емес. Жоғарыда аталған ғимарат та қала көркін кіргізудегі жасалған үлкен қадамдар тізімінде.