«ЕГЕР БІЗДЕ ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ»

«ЕГЕР БІЗДЕ ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ»

25 просмотров

«ЕГЕР БІЗДЕ ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ»

Кеше осындай ұранмен Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері флэшмоб ұйымдастырды. Онда медицина қызметкерлері көліктеріндегі арнайы сигналды қоса жүріп, халыққа барынша  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Есімхан алаңы мен орталық көшелерден жүріп өтті.  Қауіпті індетті ауыздықтап,  ел амандығы үшін алаңдаған құтқару топ өкілдерінің мақсаты осылайша тұрғындардың жауапкершілігін арттыру. Шаһар тұрғындары да төтенше жағдай кезіндегі талаптардан құлағдар.  Медицина қызметкерлерінің дабылына түсіністікпен қарауда. Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемиялық індетке қарсы күрес үшін арнайы топтар жасақталған. Күні бүгінге дейін ол мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 науқасты тасымалдаған.

«ЕГЕР БІЗДЕ ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ»
«ЕГЕР БІЗДЕ ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ»

«Бұл елдің амандығы үшін жасалынып жатқан шара.  Үйден шықпай,  қауіпсіздікті қадағаласақ індетті ауыздықтайтынымыз сөзсіз.  Сол себепті бүгін әріптестерімізбен бірге қала тұрғындарына түсіндіру шарасын өткізуді жөн көрдік»,-дейді Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы бас дәрігерінің методикалық ұйымдастыру ісі бойынша орынбасары Тахир Абдиев.

«ЕГЕР БІЗДЕ ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ»

Жалпы облыс бойынша 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрседі. Әр бір шақырту мамандар үшін қарусыз майданның шешуші сәті. Дер кезінде көмекке жетіп,  адам өміріне араша түсу ақ халатты абзал жандардың адал борышы. Өз өмірлерін тәуекелге буып жүрген бүгінгі күннің батырлары қауіпті індетпен күресті тоқтатпақ емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *