Экология министрі бірнеше қалалардағы ауаның ластану деңгейін атап өтті

Экология министрі бірнеше қалалардағы ауаның ластану деңгейін атап өтті

9 просмотров

Экология министрі бірнеше қалалардағы ауаның ластану деңгейін атап өтті

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөнінде өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР экология,геология және табиғи ресустар министрлігі.

Экологиялық мониторингтің нәтижесі бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезказған, Шымкент қалалары атмосфералық ауаның жоғары ластануымен сипатталып отыр.
Министрдің шығарындыларды төмендету үшін келесідей шаралар қарастырылып отырғанын хабарлады:
— Экологиялық кодекске сәйкес кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізеді.
— Министрлік пен кәсіпорындардың арасында Меморандумдар мен Жол карталарына қол қойылды. Оларға сәйкес кәсіпорындар шығарындыларды 20% пайыздан 30% пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.
— 10 қаладағы бірінші санаттағы кәсіпорындар үшін 2025 жылға қарай шығарындылар лимиті 20% пайызға төмендетілетін болады.

Сонымен қатар, Мағзұм Мырзағалиев шығарындыларды азайту мақсатында әкімдіктер елді мекендер мен шаруашылық субъектілерін газдандыруды жалғастыру қажет екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *