Ел болып сабырлылық, ұстамдылық танытайық

Ел болып сабырлылық, ұстамдылық танытайық

7 просмотров

Ел болып сабырлылық, ұстамдылық танытайық

Жуырда мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде әлемде пандемияға байланысты жағдайдың күрделене түскенін айтты. Біздің елде де жағдай ушығып қиындай түскен. Дер кезінде Президентіміз үндеу жариялады. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ 13 шілдені «Ұлттық аза тұту күні» деп жариялады. Президент халықты бүкіл күш — жігерді жинап, індетпен күресуге шақырды.

Бүгінде елді мекендерді қажетті дәрі — дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Егер ел болып сабырлылық, ұстамдылық танытсақ, жалған ақпаратқа сенбесек, күйзеліске түспей бірлігімізді сақтасақ қиындықты жеңіп шығуға болатынын Президент қадап айтты. Мұны еліміздің әр азаматы жете түсініп, сақтық шараларын қатаң қадағалап жүрсе,  жақындарына жанашыр болса қиындыққа төтеп береріміз анық. Ұйымшылдықпен ғана сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенім мол.

Әсем Тұяқбаева

Түркістан облысының жедел-жәрдем станциясының дәрігері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *