Елбасы жолы және патриоттық сезімнің үндестігі

Елбасы жолы және патриоттық сезімнің үндестігі

13 просмотров

Елбасы жолы және патриоттық сезімнің  үндестігі

Бүгін Елбасы,Тұңғыш Президентіміз, «Nur Otan»  партиясының Төрағасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 80 жасқа толып отыр.

Тәуелсіз қазақстанның шылбырын мықтап ұстап тұғырын биіктеткен қазақ екенімізді әлемге танытқан,алпауыт елдерді мойындата алған Елбасымыз туралы қандай теңеу айтсақ та жарасымды. Мен өз басымнан өткен бір жайды айта кеткенді жөн санап отырмын. 2012 жылдың маусымында Алматы арқылы АҚШ-тың Калифорния штатында мектеп бітіріп жатқан қызымды алып келуге ұшақпен аттандым Межелі жерге жеткенше үш рет ұшақ ауыстырып  үш рет тексеруден өтеді екенбіз.Әңгіменің бәрі АҚШ-тың территориясына жеткенде басталды.Ішкі рейске отыру үшін тағы тексеру басталды сөмкемді ашып  жапсырма қалталарын ақтарып жатыр. Менің паспортым қолымда. Күйдіргенде сөмкемнен күйеуімнің паспорты шыға келмесі бар ма. Енді есіме түсті елшілікке екеуміз де кіргенбіз шыққан соң  оның да паспортын сөмкеме сала салған едім.Апырақтап жүріп қайтарып бермеппін.Екі паспортпен жүру әрине дұрыс емес. Көзім шарасынан шығып шолақ ағылшыншаммен түсіндіріп жатырмын. Өлген жерім осы болды-ау.Жан-жағыма қарап түсіндіретін кім бар деп тұрғанымды түсінген болу керек бір жас қыз келіп  менен орысшалап  сұрап  алып аэропорттағыларға  түсіндіріп жатыр. Орыс та болса туған сіңлімді көргендеймін.Бұл кетіп қалса мені апарып жауып тастайтын шығар деген үрей бойымды билеп барады.Қандай қиын еді бөтен елде жалғыз жүру.  Қайдан аузыма түскенін білмеймін Қазақстан Назарбаев дегенім сол  еді тексеріп жатқан түсі суы американдық маған қарап жымиып күліп күйеуімнің паспортын қолыма ұстатты. Алды- артыма қарамастан рахметімді айтып ұшып келемін. Н.Назарбаевтың атына да,атасына да мың рахмет.Осылайша Н.Назарбаевтың аты мені бір құтқарып қалған. Енді бүгін қалам тартуды жөн санадым.

Еліміз Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап дүниежүзілік қоғамдастық құрамына ене отырып, адам құндылықтарын сақтау, дамыту жөнінде өзіне міндеттемелер алған болатын. Соның ең алғашқысы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев Жарлық жариялап, 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылды. Қазақстан бүкіл адамзат алдындағы азаматтық борышын өтеді, алғашқы өткір шешімдер осылайша қабылданды. Бұл Тәуелсіздік тарихындағы алғашқы дәуірлік тарихи шешімнің бастамасы ғана еді. Әлем жұрты таң қалды, таңдайын қақты, тәуелсіз жас қазақстанды тану процесі, Қазақстанды тану дәуірі басталды. Дәл осы нақты шешім саналы адамға жер бетіндегі ядролық сынақ полигондарын жабуға болады деген ой тастады, қазақстан туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастырудың алғашқы баспалдағы осылайша салынды. Франция  Президенті Франсуа Миттеран «Кеңес Одағына кіргендердің барлығының арасында ең тұрақты және көп үміт күттіретін мемлекеттердің бірі» деп Қазақстан теледидарына сұхбат берді деп  1993 жылдың 14 қыркүйегінде Елисей сарайының баспасөз қызметі  ақпарат таратты. Сол жылы төл теңгемізді алақанымызға салып қуандық.

Алғашқы Ата Заңымыз қабылданды, уақыт талабына сай             оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келеді. Ел болып, көп ұлтты халық болып заңның үстемдігін мойындаудамыз. Шекарамыз бекітілді.

Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдаулары белгілі институт болып қалыптастасты. Жолдау арқылы жыл сайынғы елдің саяси, экономикалық дамуы нақтыланып, мемлекеттің стратегиялық бағытын жүзеге асырудың тетіктерін қамтылды.

1997-ден бастау алған Жолдаулардың қай-қайсысын алсаңыз да бәрі шетінен маңызды, тек қана өркендеуге ұмтылады. Мүдіріс болған емес, оған ел куә, уақытпен қатарласып жүріп отырды. Шынында барлық межелер орындалып жатыр. Осы құжаттарды талдап қарай отырып, Елбасымыз нағыз табысты реформатор деп айтқым келеді. Ел бірлігін сақтады. Халықтар Ассамблеясы құрылды.

1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы өз міндет-мақсаттарын толығымен орындап,ары қарай елді  ары қарай дамытудың «Қазақстан-2050» стратегиясы Мәңгілік ел идеясы дүниеге келді. Ұлттың өзін-өзін тануына, бойдағы туа біткен ұлттық сананы мемлекеттік санамен ұштастырудың уақыты келіп жетті.

 Әр қазақтың намысын оятатын «Рухани жаңғыру» тарихқа, дәстүрге құрмет, болашаққа бағыт дүниеге келді. Көкірек көзіміз ашылып, ұлттық рух көтерілді. Алладан басқа ешкімге тәуелді еместігімізді ұқтық. Елбасының «100 нақты қадамына» келсек, бұл дамыған елдердің 30-дығына кіруге арналған бүкіл қауіп-қатерді ескерген қоғам мен мемлекетті жақындататын жоспар болды. Осы қыруар еңбектің бәрі Тәуелсіздікті нығайту үшін жарып шыққан ел қажетін өтейтін, халық қамын көксейтін нәтижелі дүниелер.  

Астанада діндер көшбасшыларының съезінде Н.Назарбаев  «ланкестікті ислам дініне телудің ешқандай негізі жоқ» деп дәлелді ойын кесіп айтуы да тәуелсіздікке арқа сүйену еді. Бұл сол кездегі батыл әрі орынды ой болатын. Сонымен қатар, тәуелсіздік кезінде жеткен жетістігіміз  бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы болып  күн тәртібінде келе жатыр. Осылайша, еліміз экономикалық прагматизмге қол жеткізіп, Назарбаев көшбасшылық жолдары әлемді мойындатты, еліміз ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды, Тәуелсіз Қазақстанның мәртебесі биіктеді.

Дипломат Нұрлан Онжановтың жазбаларында                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың Әзербажан мен Армениямен қантөгіс кезінде Таулы Қарабаққа барып тараптарды бітімге келтіруі, кесім сөз айтуы тәуелсіздіктің  бағасын одан сайын еселей түсті деп көрсетеді. Ал қазақстандық ұшқыштардың 2010 жылы Қырғызстан Президенті Бакиевті  Джалалабадтан алып шығуын сарапшылар бітімгерліктің эталоны ретінде  бағалады.

 «Еңбек Қоғамына Қарай 20 Қадам» бағдарламасы адам капиталына арқа сүйеуге арқау болып, қоғамдағы Еңбек адамының орны белгіленді.

«Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады»- деп айтылған 149 хикмет-өлеңдерден құралған Қожа Ахмет Ясауидың «Диуани Хикметі» рухани құндылық болып ғасырлардан-ғасырға өшпес мұра болып жетіп отыр. Осы шешім барша жұртшылыққа адал  қызмет ету жолындағы Түркістанның  облыс орталығы болуы бірден-бір ұтқыр ұйғарым, рухани жаңғырудың тамырына нақты нәр берді. Бүкіл халықтың көңілінен шыққан  дәл осы шешімі үшін Елбасыға Қожа Ахмет Ясауи ілімдерінде дәріптелетін «Кемел Адам»  мәртебесін әбден-ақ беруге болады.

Әсіресе, Елбасының дара жолы, еңбек жолдары, әсіресе домна пештерінде болат қорытып шыңдалған кездері, бүкіл өмір жолы, бар болмысы жастарға үлгі. Жас ұрпақтың бойында Тұңғыш Президентке еліктеушілік, қызығушылық сезімдері қалыптасып, бұл қасиеттер елге деген сүйіспеншілікке жалғасып, патриотизмнің нығаюуына бірден-бір ықпал етті. Тәуелсіздік ұғымы Тұңғыш Президент есімімен үндесіп сабақтастық, әділдік, өрлеу ұғымдарымен  біте қайнасты. Ұрпақтар сабақтастығы ұғымы өз функциясын орындауда. Президент сайлауының нәтижесі де  соның  айғағы. Елі Тұңғыш Президентіне, Елбасы сенім артқан Тұлғаға Қ.Тоқаевқа сенді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын  іске асыру бәрімізге ортақ міндет» деп  азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін осы арнаға қолдану керектігін нақтылады, халықпен  кері байланыс орнатудың тиімді жолдарын айқындады. Осылайша Сабақтастық жолы өз жемісін нақты түрде бере бастады. Бұл да елдің  сыртқы  күштерге төтеп бере алатын  тәуелсіз еліміздің тәуелсіз стратегиясының өміршеңдігінің белгісі.

Елбасы, Тұңғыш Президентіміз «Nur Otan» партиясының Төрағасының бастауымен «Nur Otan» партиясын жаңғыртудың қадамдық жұмыстары өңірлерде жүйелі түрде орындалуда.

«Nur Otan» партиясының Доктринасында айқындалған басымдықтар  жалпы қоғамның барлық санаттарының теңгерімдігі үшін  тұрғындардың жағдайының жақсаруы үшін жұмыс жасауда.

 Партия жұмысының ашықтығының бір дәлелі жуырда гана «Nur Otan» партиясының Төрағасы  Н.Назарбаевтың праймериз өткізу туралы қаулыға қол қоюы.

Билік пен азаматтық қоғам өкілдерінің арасында демократиялық  ашық диалог дамуда.Тұрғындар түптеп келгенде мемлекет пен арадағы әлеуметтік мәселелерде делдалдарды қажет етпейді.Тұрғындарды көбінесе өз отбасы мәселелері көбірек толғандырады.Бұл тұста партия жұмысының бір критериі болып саналатын  партияның қоғамдық қабылдауына келіп түсетін өтініш,шағымдардың  орындалу нәтижесі аса маңызды.  Әділдікпен  нақты  әрі тез әрекет ету тиімділікке алып келеді.

     Елбасының  пандемия тұсында жариялаған «Біз Біргеміз» акциясы халық арасында қолдау тауып үлкен ризашылық туғызуда. Елбасы елмен бірге болудың, бауырмалдықтықтың жиынтық үлгісін көрсетті.

Олай болса, әрбір жас ұрпақтың  Тұңғыш Президентімізге Елбасыға қызығуы, биіктікке ұмтылуы заңдылық. Бұл әрбір соққан жүрек лүпілінің -тәуелсіз сананың мемлекетшілдікпен үндесуі,патриоттық сезімнің шыңдалуы.

Қалыйма Жантөреева

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық филиал Саяси кеңесі Бюро мүшесі

«Құрмет» орденінің, «Халық алғысы» медалінің иегері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *